Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 4472 12 пікір 29 Қаңтар, 2020 сағат 13:56

Жайылым жер үшін шайқас

Әлемдік нарықта ет, әсіресе таза ет, organic дейді, қатты қымбаттап кетті. Жағдайы бар адамдар таза тамақты жегісі келеді. Бұндай organic-таза еттің ең үлкен нарығы - үлкен көршіміз Қытай болып табылады. Қытайға етті сатып отыру үшін Қазақстанның жайылым жерлері өте тиімді болып тұр. Біріншіден жақын, екіншіден жайылым жерлер бізде көп және бос тұр деп айтуға болады. Дүние жүзінің ең ірі етпен айналысатын компаниялар бұны жақсы біліп отырып Қазақстанға келіп бизнес жасағысы келеді. Олардың біреуі - американдық Tyson деген компания. Премьер Асқар Мамин мырза өткен желтоқсан айында АҚШ-қа барып келісім шартқа қол қойды.

Сондықтан біздің жайылым жерлеріміздің бағасы енді өседі. Бірақ жайылымдар латифундисттердің қолында ғой. Олар әлбетте нарықтық жағымды ахуалмен пайдаланып тегін алған жерлерін сатқысы келіп тұр. Бірақ бұған біздің мораторий заңы кедергі. Мораторийдің аяқталуына 2 жыл қалып отыр - биыл және келесі жылы.

Бұл жағдайда біз не істеуіміз жөн? Біріншіден, ғарыш және цифрлық мониторингпен пайдаланып бос жатқан жайылымдарды мемлекеттік меншігіне қайтаруымыз керек. Екіншіден, ауылдағы халыққа ақшамен көмек көрсетіп мал санын көбейтуіміз қажет. Ауылдағы жұрт босатқан жайылымда жаппай малмен айналысу керек.

Бірақ Қытай еттің ең үлкен нарық болғанымен тамақтың ережелері өте қатаң. Сондықтан бізге жаңа технологиямен салынған ет өндіретін замануи зауоттар қажет. Онсыз Қытай етімізді алмайды. Сол зауоттарды американдықтар бізге салып берсін, ал біз оларға малды өсіріп етті сатып-тапсырып отырамыз. Ол жақсы және мәңгілік бизнес.

Бірақ американдықтарға, басқа шетелдіктерге жерді жалға беруге болмайды (заңды тұлғада кез келген үлесі шетелдіктердің болса). Жайылымдар толығымен біздің ғана қолымызда қалу керек. Мал (жылқы болсын, сиыр болсын) жылына 30-50% пайда әкеледі. Сұраныс тұрақты болса (Қытай - сондай тұрақты сұраныс қой) ауылдағы адамдар жылдам байып кетеді. Бәлкім мен өзім де малмен айналыса бастаймын)

Біз үшін еттің нарығы - мұнайдан артық. Өйткені мұнайдың ақшасы халыққа тимейді. Сосын мұнай ерте ме кеш пе тауысылады. Ал мал бизнесі біріншіден мәңгілік, екіншіден қазақтың баюына тікелей жолы. Америкада малмен айналысатын ковбойлар қалай өмір сүреді, ранчолары қандай. Ол да сол малдың арқасы ғой. Сондықтан жайылымдар - басты мәселе.

Бұндай жоспарды жүзеге асыру үшін біріншіден жайылымдарды мемлекеттік меншігіне қайтару керек. Одан басқа ұстанымыз бекем болуы жөн: шетелдіктерге жерді жалға беруге болмайды, мейлі заңды тұлғада 49% болса да, 1% болса да.

Мұхтар Тайжанның әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz
12 пікір