Жұма, 19 Сәуір 2024
Фотомұрағат 7773 4 пікір 29 Қаңтар, 2020 сағат 13:10

Қауіпті вирус. Латын әліпбиі. Зейнатақы қоры (фотобаян)

Қытайдағы қауіпті вирусқа қатысты...

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов:

- Бүгінге дейін елімізге Қытайдан 25 858 адам келді. Олар - Қазақстан азаматтары мен шетелдік азаматтар. Барлық мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігіне, содан кейін бақылау комитеті арқылы беріледі. Тексерулер және азаматтармен байланыс тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. 

Бүгінгі таңда ыстығы көтерілген 23 науқас келді. Олардың 4-еуі вирус белгілері болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Себебі, олардың денсаулығындағы кейбір белгілер мен вирустық инфекция арасында нақты айырмашылық жоқ. Сондықтан, олар ЖРВИ-ға күдікті ретінде ауруханаға жатқызылды.

Үш күн ішінде толық диагноз қойылады. Тиісті терапия басталды. 

ҚР Сыртқы істер вице-министрі Шахрат Нұрышев:

- Шекараны жабу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кепілдемесі керек. Біздің ҚХР-дағы Елшілігіміз, Бас консулдық Қытай азаматтары үшін құжат рәсімдеу талаптарын күшейтті. Соның ішінде, виза рәсімдеу үшін денсаулық жағдайы туралы анықтама талап етілетін болды. 

Білесіздер, Қытай азаматтар үшін 72 сағаттық визасыз транзиттік жүріп-тұру режимі Үкімет шешімімен уақытша тоқтатылған. Сондай-ақ, электронды визамен Қазақстанға, әуежайға келген Қытай азаматтарының құжаттары рәсімделмейді. Ал шекараны жабатын болсақ, онда біз Қытайдағы өз азаматтарымызды елге жеткізі алмай қаламыз. 

Латын әліпбиіне қатысты...

ҚР МСМ, Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қаба:

- Тіл – қазақтың жаны. Дербес ұлт екенінің белгісі. Мемлекеттігіміздің символы. Тілді сақтау – әр қазақтың жанын сақтау. Арын сақтау. Тілмен берілетін ұлттық ерекшелігіміздің барын сақтау.

Керегі, әр азаматтың туған тіліне жаны ашығаны. Керегі, даму жолына түскен елдердің қатарынан қалмай, алға жылжығанымыз. Керегі, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру. Керегі, ұлт тілін білетін соңғы адам қасіретін бастан кешпеу. Керегі, өзіміздің бай тілімізбен әлемді тәнті ету. Керегі, қазақ ұлтының, оның тілінің мәңгі жасағаны!

Зейнетақы қорына қатысты...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов:

- Бүгінгі таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жиналған салымдарымыздың жалпы қоры – 10 трлн 400 млрд теңге. 9,9 млн зейнетақылық есепшот бар. Сол 9,9 млн есепшотта 5,3 млн адамның зейнетақылық жинағы – 500 мың теңгеге ғана жетеді. Одан бөлек, 1,6 млн адамның зейнетақылық жинағы – 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін жиналған. Демек, біздің азаматтардың 69 пайызының 1 миллион теңгеге дейін ғана жарналары бар. 9,9 млн салымшының 15 пайызының зейнетақы жарналары – 1-2 млн теңге аралығында. Сонымен жалпы зейнетақы салымшылардың 84 пайызының жинағы 2 миллион теңгеге ғана жетеді. 

Abai.kz

4 пікір