Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3645 3 пікір 29 Қаңтар, 2020 сағат 12:46

Цао Бин: "вирустың нақты қайдан келгенін білмейміз”

Бас дәрігер Цао Бин: "Расын айтқанда, вирустың нақты қайдан келгенін білмейміз”

Бұндай тұжырымдамадағы мақаланы Қытайдың жаңалықтар порталы жазды. Мақалада, Ухань қаласының қақ ортасында орналасқан теңіз өнімдері базары жаңа тәж вирусының індет көзі ретінде қарастырылмайтыны айтылады. Бірқатар қытайлық ғалымдардың зерттеу нәтижесі ондай тұжырымды растамайтын болып шықты.

24-қаңтарда Хуан Чаолинь бастаған ғалымдар “Уханда жаңа тәж вирусын жұқтырған адамдардың клиникалық ерекшеліктері” атты құжат жариялап, 2-қаңтар күні уханьдық ауруханаға денсаулықтарына шағым айтып келген 41 адамның денсаулық жағдайының тарихын баяндайды. Жаңа вирус жұқтырған адамдардың талдау нәтижелері бойынша, олардың тек 27-нің ғана аурудың ошағы саналған әлгі базарға қатысы бар болып шыққан. Оның үстіне, ауруханаға алғаш және кейін түскен емделушілердің эпидемиологиялық ауруға қатысы болмаған.

Респираторлық және рениматологиялық бөлімнің Бас дәрігері Цао Биннің айтуынша, теңіз өнімдерінің базары індеттің жалғыз ошағы емес. “Расын айтқанда, вирустың нақты қайдан келгенін білмейміз”, - деді ол.

Аталған құжаттан, вирус жұқтырған ең алғашқы адамның 2019 жылдың 1-желтоқсанына дейін тіркелгенін көруге болады. Алайда ол уақыт оңтүстік Қытайдағы атышулы базардың былығы әлі ашылмаған кез. Әрі 10-желтоқсанда ауырған 3 адамның 2-нің де ол базарға бармағаны анық болған.

Денсаулық сақтау бойынша Уханьдық комиссяның есебінде, аурудың ең алғашқы белгілері желтоқсанның 8-де анықталып, оның “көп жағдайы” теңіз өнімдерінің базарымен байланысты болғаны айтылады. Сөйтіп, өткен жылдың 31-желтоқсаны күні Уханның денсаулық сақтау комиссиясы теңіз өнімдерінің базары жөндеу жұмыстары үшін 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап жабылатынын хабарлайды.

АҚШ-тағы Джорджтаун универстетінің инфекциялық аурулар бойынша сарапшысы Даниэль Люси «Science” вэб-сайтында, “Адамдардың ауру жұқтырған және ауру белгілерінің пайда болу уақыты аралығындағы мәліметтер нақты болса, онда вирус 2019 жылдың қарашасында басталуы керек” деп мәлімдеді. Демек, вирус сол уақытта адамдардың арасында біртіндеп тарай бастаған.

Ал, АҚШ-тың Сан-Диего шатындағы Скриппс зерттеу институтының биолог-эволюционисті Кристиан Андерсон, вирус жұқтырған ең алғашқы адамның 2019 жылдың 1-желтоқсанында пайда болуын “ерекше көрініс” деп есептейді. Оның айтуынша, біреу вирусты базардан тыс жерде жұқтырып, оны кейін базарға әкелген. Бұл әрі ғалымдар келтірген мәліметтерге сәйкес келеді.

Қалай дегенімен де, теңіз өнімдері базары тәж вирусымен тығыз байланысты. 26-қаңтар күні Денсаулық сақтау Ұлттық комиссиясының директоры Ма Сяовэй дәл қазіргі таңда тәж вирусы туралы түсініктің әлі де шектеулі екенін, әрі инфекияның нақты көзі табылмағанын мәлімдеді.

Бейресми ақпарат дерегінше, бұл індетті Ухань вирусологиялық институты “биологиялық қару” ретінде қолдан жасалған. Ондағы мәліметтерде, институтта адам өліміне әкелетін Эбола вирусы сияқты ең қауіпті микроорганизмдермен сынақтар жүргізілетіні, сөйтіп онда, жылан, жарқанаттың генінен адам айтқысыз дүниелер жасап шыққаны айтылады. Ақпарат таратушылар бұл туралы Дэни Шохам атты израйльдік тыңшы хабарлаған деп жазады. Өкініштісі, ол абайсызда сыртқа тарап, енді оған жетекшілік ететіндердің өзіне үлкен қауіп төндіріп отыр деп есептейді.

Қытайдың соңғы ресми дерек көздері, БАӘ-і елде тәж вирусын жұқтырған Уханнан келген бір отбасы мүшесінің тіркелгенін туралы хабарлағанын жазды. Ал Қытайда вирус жұқтырғандардың саны 6014-ке жетіп, күдіктілер қатары 9239 адамды құраған. Ал қаза тапқандар саны – 132.

Ертай Нүсіпжановтың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544