Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
2608 2 пікір 27 Қаңтар, 2020 сағат 10:35

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео осы аптада Ұлыбританияға сапарлайды, одан соң ол Украинаға, Беларуське, Қазақстанға және Өзбекстанға барады.

Помпео Қазақстанға 1 ақпанда келіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен және сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. Сапар барысында Помпео "Орталық Азияның қауіпсіздік пен дамуға, бейбітшілікке ұмтылатынына көз жеткізгісі келеді".

2–3 ақпанда Ташкентте Помпео Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен, сыртқы істер министрі Абдуләзіз Камиловпен кездеседі. Ол "АҚШ-тың Өзбекстандағы реформаларды, ел егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық біртұтастығын қолдайтындығын" жеткізеді.

Ташкентте Помпео Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түркіменстанның және Өзбекстанның сыртқы істер министрлерімен кездеседі. Бұл жүздесуде Помпео Вашингтонның "С5+1" форматы аясында Орталық Азияның дамуын қолдайтынын білдіреді.

Помпео бұл елдерге қаңтардың басында баруы керек болған, бірақ сол кезде Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты оның сапары ақпан айына шегерілген.

Abai.kz

2 пікір