Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4207 12 пікір 23 Қаңтар, 2020 сағат 13:29

Саяси элитаның отбасылық өмірі ашық, жариялы болу керек

Батыстың өркениетті елдерінде саяси элитаның соның ішінде танымал ірі лауазымдылардың отбасылық өмірі мейлінше ашық жариялы болып келеді. Керісінше, қатардағы қарапайым жандардың жеке тірлігіне қол сұғылмайды. Неге?

Себебі, ел мен мемлекеттің тағдырына саяси элитаның ықпалы басым. Сол себептен, ел басқаруға келген кез-келген адамның отбасы, жеке болмысы мен әрекеті мейлінше кіршіксіз таза, ақ әділ болғаны маңызды болып саналады. Олардың әр қадамдары ел алдында ашық айқын көрініп тұруы маңызды делінеді. Айталық, АҚШ президенті Ричард Никсон оппозиция өкілдерінің өзара әңгімесін құпия құрылғы арқылы тыңдағаны әшкере болған сәтте-ақ дереу өз еркімен отставкаға кетті. Ар-ұят алдында адалдық деген сол. Соншама лас әрекеттен кейін өзін ел басқаруға моралдық құқы жоқ деп санаған.

Ал, бізде ғой, ұрлаған қаржысы әшкере болса да, тіпті одан сорақысы анықталса да, тым құрығанда халық алдына шығып өз уәжін айтпайды, міз бақпай беттеріне көн жамап алып, жұртқа ақылгөйсіп жүре береді.

Іріп-шірудің, құлап-құлдыраудың бұдан асқан сорақысы жоқ шығар.

Қуандық Шамахайұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

12 пікір