Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
4299 4 пікір 23 Қаңтар, 2020 сағат 12:44

«Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» атты ақындар айтысы өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында 8-ақпан күні Ұлы Абайдың 175 жылығына орай «Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

«Nur Otan» партиясының қолдауымен, Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін дүбірлі додаға Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Рүстем Қайыртай, Дидар Қамиев, Әсем Ереже, Болатбек Оразбаев, Тілеген Әділов, Қалижан Білдәшев, Нұрлан Есенқұлов,  Шалқарбай Ізбасаров, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов, Рауан Қайдаров, Серік Қуанған, Нұрзат Қару қатарлы он алты ақын қатысады.

Жыр жәрмеңкесін Жүрсін Ерман жүргізеді. 

Ақпараттық қолдау көрсетуші «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.

Айтыс «Астана» концерт залында  сағат: 14.00 де басталады.

Билеттер: «Астана» концерт залының кассасында және Тикетон сайтында сатылуда.  

Abai.kz

4 пікір