Жұма, 29 Наурыз 2024
2595 5 пікір 21 Қаңтар, 2020 сағат 16:29

Абай тойының ашылуына арналған салтанатты шара өтіп жатыр

Елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрында ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шара өтіп жатыр. Салтанатты жиынға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Нұр отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда. 

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтау сөзін сөйледі.

- Биыл біз халқымыздың көрнекті ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың мерейтойын атап өтеміз. Абай философиясы біздің мәдени және ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ақын өз уақытынан озып, тарихтың күрделі кезеңдерінде халықты ұлттық құндылықтар, ана тілі мен мәдениеті төңірегінде біріктірген көзқарастар жүйесін қалыптастырды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абайдың терең ойлары мен пайымдаулары біздің күнделікті істеріміздің негізіне жатуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Бұл дана өсиеттерге адалдық пен біздің ұрпағымыздың ұлт мұғалімінің жадына деген борышының дәлелі болады, - деді министр.

Айта кетейік, 2019 жылдың мамырында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында қаулысы жарық көрген болатын. Қаулыға сәйкес, Абай мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, жалпыреспубликалық жоспар бекітілді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616