Жұма, 19 Сәуір 2024
Фотомұрағат 9906 7 пікір 21 Қаңтар, 2020 сағат 15:55

Екі жылда үш әкім ауыстырған Шымкент (фотобаян)

Бүгін Шымкент қаласының әкімі ауысты. Ақорда сайты қала әкімін ауыстырғаны жөніндегі Қазақстан Президентінің Жарлығын жариялады. Шымкенттің жаңа әкімі болып Мұрат Әйтенов тағайындалды.

Естеріңізде болса, 2018 жылдың 19 маусымында сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» заңның 9 бабына сәйкес Шымкент қаласына «Республикалық маңызы бар қала» мәртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Шымкент – Республикалық қала, 17-ші өңір атанды. Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы таратылып, жаңа облыс – Түркістан облысы болып бекітілді.

1. Ғабидолла Әбдірахымов. 45 жас (23 қаңтарда толады)

Картинки по запросу "габидулла абдрахимов""

2018 жылдың 20 маусымы су жаңа статусқа ие болған Шымкентке әкім болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Ғабидолла Әбдірахымов осыған дейін 2015-2017 жылдар аралығында Шымкентте әкім болған.

Картинки по запросу "габидулла абдрахимов""

Екі дипломы бар. «Болашақ» бағдарламасымен Германияда оқып келген. Экономист-бухгалтер және әкімшілік басқару ісінің маманы. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Ол әкім болып тұрғанда, оның сөз арасында айтқандары ел-халықтың қызу талқысына көп түсетін.

Картинки по запросу "габидулла абдрахимов""

2016 жылы ол алғашқылардың бірі болып қалалық велосипедтің жылдық абонементін сатып алды. Сөйтіп, Шымкент жұртын шайтаншаққа отырғызған әкім болып ел есінде сақталды.

Картинки по запросу "габидулла абдрахимов""

Бір сұхбатында Ғабекең күнде жұмысқа велосипедпен баратынын айтып қалған.

Картинки по запросу "габидулла абдрахимов""

Веложарыстан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Ғабекеңе вилосипед сыйлаған.

Картинки по запросу "габидулла абдрахимов""

Кейін Ғабекеңнің өзі де Назима дейтін әншіге шайтаншақтың біреуін сыйға берген.

Картинки по запросу "габидулла абдрахимов""

Сосын қыз-келіншектерге велосипед үшін биік өкшелі аяқ-киім кимеуге кеңес берді.

Картинки по запросу "габидулла абдрахимов""

Ғабекеңнің әкімдігі тұсында елдің есінде қалған оқиғалардың бірі - бюджеттің 80 миллион теңгесін қайырымдылыққа жұмсау туралы шешім болды. Бұл сома әуелде жаңа жылға қарсы қаланы безендіруге деп жоспарланған екен. Кейін әкім Әбдірахымов жетімдер мен аз қамтылған отбасыларға жәрдем беруге жұмсау туралы шешімге келген. Ақырында 5500 балаға қыстық киім алып таратқан.

Картинки по запросу "габидулла абдрахимов""

Әкімдік қызметкерлеріне қызметтік көлік қолдануға бір айға тыйым салды. Қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берді.

Габидулла Абдрахимов Шымкент аким Казахстан нур-отан

Тіпті арасында автобусқа үлгере алмай қалған кездері де болған көрінеді.

Картинки по запросу "габидулла абдрахимов""

Өзі де қаладағы автобустардың бірін тізгіндеп көрген.

Айтпақшы, Ғабекең қала күнін тойлау кезінде, гала-кәнсертте «Шымкент – зың қала» деп мәлімдеген. Ғабекеңнің дәл осы сөзі хит болып тарады. Қазір Оның ел ішіндегі лақап аты - Зың әкім.

Картинки по запросу "габидулла абдрахимов""

Ең ақырында Лондоннан сәлем жолдап, ағаларына алғыс айтқан еді. Соны себеп қылған «ағалары» 2019 жылдың шілдесінде Ғабекеңді әкімдіктен алып тастады. Аз уақыт жұмыссыз жүріп, кейін астана жаққа ауысты.

2. Ерлан Айтаханов. 49 жаста.

Картинки по запросу "ерлан айтаханов факты""

2019 жылдың 30 шілдесі күні Ғабекеңнің орнына Шымкентті басқаруға Ерлан Қуанышұлы Айтаханов тағайындалды.

Картинки по запросу "ерлан айтаханов факты""

Оның әкесі Қуаныш Айтаханов біраз жыл оңтүстікте әкім болған. ОҚО атынан Сенатта депутат болған. Әкімнің баласы әкім болды, деп шулаған біраз жұрт. Ерлан Қуанышұлы да қала тұрғындарына жақын жүруге тырысты.

Картинки по запросу "ерлан айтаханов факты""

Жылусыз қалған үйлерді де,

жабайы базарларды да,

Похожее изображение

денсаулық сақтау нысандарын да,

үй-үйлерді де аралап шықты.

Похожее изображение

Қарттарға да құрмет көрсетті.

Похожее изображение

Арыстағы ағайынға да барды.

Похожее изображение

Қалада да болды,

Похожее изображение

далада да болды. Алайда, бүгін Ерекең де қызметімен қоштасты.

3. Мұрат Әйтенов. 39 жаста.

Мурат Айтенов

2020 жылдың 21 қаңтарында Шымкент әкімі болып Мұрат Әйтенов тағайындалды.

Картинки по запросу "мұрат әйтенов""

Қызық болғанда, Мәкең былтыр ғана, 2019 жылдың желтоқсанында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған екен. Енді міне, арада ай өтерде бірінші орынбасар қызметінен бірінші әкім қызметіне бір-ақ секірді.

Шымкент қаласы Республикалық статусқа ие болғалы  үш әкім ауысыпты. Ғабидолла Әбдірахымов - 1 жыл, 1 ай, 10 күн әкім болды. Онан кейін қызмет алған Ерлан Айтаханов - 5 ай 21 күн әкім болды. Бүгін тағайындалған Мұрат Әйтеновтің әлі қаншаға жетерін уақыт көрсетер. Әзірге су жаңа әкімге сәттілік тілейік...

Abai.kz

7 пікір