Дүйсенбі, 17 Ақпан 2020
46 - сөз 1057 14 пікір 21 Қаңтар, 2020 сағат 14:28

Еліміздегі барлық экономикалық реформалар Ресейден көшірілген

Economic Analysis of Russia

Сюзан Линз есімді профессордің Ресей экономикасы жайлы лекциясын тыңдап отырып, Қазақстан ойыма келе берді. Еліміздегі барлық дерлік экономикалық реформалар мен бағдарлар Ресейден көшірілген екен. Қазақстан-2050, Үздік 50, сосын 30 ел қатарына кіру деген сияқты амбициялар (Путин билікке келген жылдары 10 жыл ішінде Ресейді 20 дамыған ел қатарына кіргізуді жоспарлаған екен), шағын және орта бизнесті дамыту, кедейлікті азайтып, жұмысссыздықты жоюға бағытталған барлық эконометриялық есептердің барлығы орыстардан көшіріліпті.

MSU профессорының айтуынша, Ресейдің қазіргі экономикалық жүрісі 2000-жылдардың басында тиімсіз екендігі белгілі болған екен. Бірақ сонда да еш өзгертілмепті. Себебі ол ОЛИГАРХ-тарға тиімді. Олардың монополиялық бизнесіне тиімді екен.

Ал Ресейдің қазіргі диджитал транформациясы, көлеңкедегі экономикамен күрес, бейресми жұмыспен қамтуды жою сынды бағыттары да Қазақстанда жүріп жатыр. Тіпті даму бағытындағы криптовалютаны дамытуға тырысуы да Қазақстандағы AIFC төңірегінде сайд эффект беріп жатыр.

Қазақстанда осыдан 4 жыл бұрын жұмыссыздар санын анықтау әдісін өзгергені естеріңізде болар. Мысалы, сіз алдымен жұмыс бабымен биржаға келесіз. Сосын орталық мамандары сізге келесі 10 күн ішінде жұмыс табуға тырысады. Ал сіз әр үш күн сайын жұмыс іздеп жатқаныңызды көрсету үшін орталыққа келіп, тіркеуді жаңартып отыруыңыз керек (Біріншіден ешкім биржаға барып, жұмыс сұрамайды. Сосын әр үш күн сайын ешкім барып, тіркеуін жаңартпайды). Егер келмесеңіз, сізді жұмыссыз деп санамайды. Осылай үкімет Қазақстандағы жұмыссыздар көрсеткішін азайтып жүр. Бұл Ресей үкіметіндегі экономистерден көшірілген екен.

Жалпы Қазақстан экономикасын, макроэкономика және микроэкономиканың не екенін ұғыну үшін осы семестрде "Economic Analysis of Russia" сабағына жазылдым. Бұл магистрлік деңгейдегі сабақ болғаны үшін және мен Экономика факультетінен болмағаным үшін рұқсат алу қиындау болды. "Экономика тақырыбында бірқатар мақала жаздым, орыс тіл білуім мені Ресей мен ТМД елдеріннің экономикасына анализ жасауға бір табан жақындатады" деп әрең пререквизиттерді алдырдым.

Егер қызық көрсеңіздер, әр лекцияны қысқа-қысқа осында жазып тұрамын. Сіздің ойыңызша, Қазақстан мен Ресей экономикасы арасында мен келтірген ұқсастықтардан басқа, тағы қандай бірыңғай көшірмелер бар?

Жолдас Өрісбайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

14 пікір