Жұма, 29 Наурыз 2024
Білгенге маржан 7863 3 пікір 21 Қаңтар, 2020 сағат 12:30

Планетадағы ең бай адам кім?

Әйгілі Forbes басылымы Жер шарындағы ең бай адамдардың тізімін анықтаған соңғы зерттеулердің нәтижесін жариялады.

Сонымен, олар кімдер?

Бернар Арно - Forbes деректері бойынша әлемдегі ең бай адам атанған бизнесмен 70 жаста. Оның табысы 116,5 миллиард долар. Ол LVMH холдингінің басшысы және Louis Vuitton брендінің иесі. Хеннесси, Кристиан Диор қожайыны.

Джефф Безос - американдық бизнесмен. Amazon интернет-компаниясының негізін қалаушы, Blue Origin және The Washington Post иелері, 2018 жылғы әлемдегі ең бай адам болды. Қазір ол рейтингтің екінші сатысында тұр, оның байлығы 115,6 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Билл Гейтс - американдық бизнесмен және қоғам қайраткері, филантроп. Microsoft компаниясын құрушылардың бірі және бұрынғы ірі акционері. Дарынды және іскер бағдарламашының жағдайы қазіргі кезде 110,6 миллиард долларға бағаланады.

Уоррен Баффет - сарапшылар белгілі американдық инвестор және кәсіпкер Уоррен Баффетті рейтингте төртінші орынға қойды. Оның байлығы 2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда аздап қысқарды, ол кезде Баффеттің активтері 108 миллиард доллардан асады. Қазіргі уақытта Уоррен мырза 90,6 миллиард доллармен оны әлемдегі ең бай үш адамның қатарына қосқан жоқ.

Марк Цукерберг - жер бетіндегі ең бай адамдардың тізімінде бесінші орында Цукерберг тұр. Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, программист және кәсіпкер шамамен 82,2 миллиард доллар табыс тапқан.

Керімсал Жұбатқанов 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3601