Жұма, 19 Сәуір 2024
2164 5 пікір 21 Қаңтар, 2020 сағат 11:21

ЕАЭО елдері азаматтары 100 мың долларға дейін қаржыны декларациясыз шетелге шығара алады

2020 жылдың 4 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің азаматтары декларация толтырмастан 100 мың долларға дейін қаржыны сыртқа шығара алады. Осылай деп Қырғызстанның кеден қызметі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, мұндай шешім былтыр тамызда Еуразия экономикалық комиссия алқасы тарабынан қабылданған.

Қазіргі ережеге сәйкес, ЕАЭО аймағынан сыртқа декларация толтырмастан 10 мың долларға дейін ақша шығаруға болады. Одан артық ақша алып шықса, қаржының қайдан келгенін және қандай мақсатта шығарылып жатқаны көрсетілуі тиіс.

Abai.kz

5 пікір