Жұма, 19 Сәуір 2024
4198 4 пікір 20 Қаңтар, 2020 сағат 13:39

Павел Кулагин қызметінен кетті

Алматы қаласы Түркісіб ауданының әкімі Павел Кулагин қызметінен кетті. Бұл туралы Кулагин әлеуметтік желідегі парақшасынада жазған.

Құрметті тұрғындар! Мен өз еркіммен Түркісіб ауданы әкімі қызметінен кеттім. Сіздерге аудан өміріне белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Ауданның әрі қарай дамуына тілектеспін және үнемі ол үшін алаңдап отырамын. Барлығы үшін рахмет! - деп жазды.

Ал, Түркісіб ауданының әкім болып Бақытжан Ақжаров тағайындалды. Ол Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі. Бұған дейін Ақжаров Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Abai.kz

4 пікір