Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2914 12 пікір 17 Қаңтар, 2020 сағат 10:36

АҚШ есеп палатасы: Ақ үй Украинаға әскери көмекті бұғаттап, заңды бұзды

Ақ үй Конгресске ескертусіз Украинаға берілетін 214 млн долларды бұғаттады деп мәлімдеді АҚШ-тың есеп палатасы.

Былтыр тамыз айында америкалық БАҚ АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға берілетін әскери көмекті қайта қарау жөніндегі тапсырмасы туралы жазған. Трамп болса америкалық ақшаның тиімді жұмсалып жатқанына көз жеткізгім келді деген.

Қыркүйек айының ортасында Вашингтон Киевке берілуі тиіс қаржылай көмекті бұғаттан қайта ашты. Кейін белгілі болғандай, қаржының кешігуі 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына килігу бойынша тергеу ісіне байланысты болды делінді.

Конгресс демократтары Трамп Киевке қысым жасау арқылы саяси бәсекелесі, демократ Джо Байденді сайлаудан аластатпақ болды деп есептейді. Осы мәселе АҚШ президентіне импичмент жариялау туралы іске себеп болды.

Трамп өзіне тағылған барлық айыптауларды теріске шығарады.

Abai.kz

12 пікір