Сенбі, 20 Сәуір 2024
7176 5 пікір 16 Қаңтар, 2020 сағат 12:50

Маминнің орнын Бозымбаев ауыстырды

Үкімет басшысы Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды eGov порталы. Сондай-ақ, кеңес құрамынан Президент көмекшісі Тимур Сүлейменов те шығарылды. Үкіметтің бұл қаулысы 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген. 

Ал, Мамин мырзаның орнын Президент көмекшісі Қанат Бозымбаев ауыстырды.

Сонымен, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесінің құрамы былай өзгерді:

Қанат Бозымбаев - Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі;

Руслан Даленов - Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;

Ахметжан Есімов - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы;

Ричард Эванс - тәуелсіз директор;

Альпер Акдениз - тәуелсіз директор;

Вильгельм Бендер - тәуелсіз директор.

Айта кетейік, Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесін 2019 жылдың наурызынан бастап басқарды. Ал, 2019 жылдың 25 ақпанында ол Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалған болатын. .

Abai.kz

5 пікір