Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 5940 18 пікір 9 Қаңтар, 2020 сағат 11:18

Елордада тағы да мешіт салынбақшы

Елордада тағы да мешіт салынбақшы. Биіктігі 130 метр, 4 бағаналы болады екен. Құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Жалпы мұсылман болып бетіңді Қағбаға бұрып, жығылып 5 уақыт намаз оқыған дұрыс қой. Бірақ елімізде соңғы жылдары мешіт салу үрдісі кең етек алды. Мешіт спонсорлардың ақшасына салынады-мыс деген сыбыс бар.

Осы спонсорлар неге бала-бақша, мектеп, үй салып бермейді мұқтаж жандарға. Өзіміздің Нұр-Сұлтанда бала-бақшаға кезекке тұрғандардың саны күн санап артып келеді. Ал әлеуметтік тегін үйге мұқтаж көп балалы аналардың кезегі жыл өтсе де жылжымайды. Мешітті салды делік. Жұма намазға жұрт жиналады. Ал қалған күндері қаңырап бос тұрады немесе бай-бағландар ас беріп, ораза күндері тегін тамақ таратады.

Біздің қоғам, жалпы ақшасы бар спонсорлар нағыз мұқтаж жандарға көмек берсе екен.

Айтпақшы, мешітке келіп жатқан келімсектерді ешкім бақылап отырған жоқ. Қай мазхаб, қай ағымда екені беймәлім. Оны имам да, Иван да тексеріп жатқан жоқ.

Мешітке барып, басқа ағымға кіріп кетіп, ақыры сүйегі Сирияның сахарасында шашылып кеткен "соқыр" қазақтың ұлдары қаншама...

Салтанат Әшірбайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499