Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3488 1 пікір 8 Қаңтар, 2020 сағат 11:45

Соңғы рет Nat Geo Wild каналын қашан аштыңыз?

Шыныңызды айтыңызшы, кешке жұмыстан келген соң, кешкі асты ішіп, жайланып...
8 бен 11 дің арасында немен шұғылданасыз?

Немен шұғылданасыз деуім де дұрыс емес, сол бос үш сағатты қай тәсілмен өлтіресіз? Фейсбук, ватсап топтары, Ютуб. Қалаулым.
Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, бірақ...

Соңғы рет Nat Geo Wild каналын қашан аштыңыз?
Физика, география пәндерін мектептен соң ашқаныңыз есіңізде ма? Ағылшын немесе француз, немесе басқа бір шет тілін үйренуге әрекет жасап көрдіңіз ба?

Біздің бар проблемамыз осында. Алға жылжығымыз келмейді. Үйренгіміз келмейді. Өзімізге зона комфорта\ жайлы ұяшық жасап алғанбыз, шыққымыз келмейді. Жұмыс берушім аман болсын, жетпіс бес мың айлығым жүріп тұрсын, болды. Қалғаны қызық емес.

Ал тоқал туралы армандағанда алдымызға жан салмаймыз ғой. Мыықты бір екі қабатты үйім болса, елу млндық тендер әперетін бір брат болсаа...

Болды. Осымен тоқтағанбыз. Даму жоқ.

Осыдан соң кімге өкпелейсің.

Өткенде бір украин шалды көрдім. Жасы алпыс бірде. Қатарынан үш тіл үйреніп жүр, өзі ағылшын, испан қытай тілін біледі. Үш жоғары білімі бар, енді америкадағы бір жоғары оқу орнына сырттай\онлайн оқуға түсемін деп отыр.

Жә, мен сізге ақыл айтатын, сіз менен ақыл сұрайтын дәрежеде емеспіз. Әркімнің өз өмірі бар. Өзі бледі.

Бірақ...

Әсет Оразханның әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

1 пікір