Жұма, 19 Сәуір 2024
Дабыл 6108 20 пікір 27 Желтоқсан, 2019 сағат 10:47

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімі жарияланды

Бүгін таңертең Bek Air әуе компаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы 2100-рейсі Алматы қаласы маңында, Талғар ауданына қарасты Әлмерек ауылында апатқа ұшырады. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. 

Қазір қаза болған адамдардың аты-жөндері анықталуда.

Осыған дейін әлеуметтік желіге Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі тараған еді. 27 желтоқсан, сағат 09:20-дағы ақпарат бойынша апаттан 12 адам қаза тауып, 12 адам зардап шеккен деп көрсетілген. Жарақат алғандардың төртеуі балалар.

Ал "Тengrinews.kz" сайты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметін жариялады. Онда қаза тапқандар саны 14 адам деп көрсетілген.

"Алматыдағы көппрофилді клиникалық ауруханаға 5 адам жеткізілген. Жағдайлары ауыр. Ал Шұғыл медициналық жәрдемнің балалар орталығына 8 бала, АЖЖА-ға (БСНП) 5 ересек адам жеткізілген. Олар сынық жарақаттарын алған. № 4 ҚКА-ға 17 адам жеткізілген. Жағдайы ауыр. Ал оқиға орнында қаза тапқандардың саны 14", делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта қайтыс болған жеті адамның жеке тұлғасы (кім екендері) анықталды.

Олар:

1. Астанов Николой 1971 жылғы

2. Хайдаров Р. 1940 жылғы

3. Калиев Бауржан 1974 жылғы

4. Карибаев Базархан 1974 жылғы

5. Муратбаев Марат 1961 жылғы

6. Нурбаев Абай 1982 жылғы

7. Исина А.

Сондай-ақ, түрлі дене жарақаттарын алған азаматтардың да тізімі жария болды.

Abai.kz

20 пікір