Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 5067 11 пікір 24 Желтоқсан, 2019 сағат 11:53

Қырымның енді Ресейдің қоластынан шығуы екіталай

Ресей төрт жылға созылған Қырымды материктік Ресеймен байланыстырған темір жол көпірін аяқтады. Санкт-Перербургтен шыққан поезд 44 сағатта Қырымда болады. Енді Ресейден Қырымды алу Украинаға мүмкін емес-ау. Ресей үшін Қырымды жоғалту Қара теңіздегі үстемдікті жоғалтумен тең. Украина басшыларының Қырымды қайтарамыз деген ойы жыл өткен сайын утопияға айналып барады.

Темір жол салу, байланыс мәселесін шешу жаулаушы империяның ең бірінші істейтін жұмысы. Кезінде қазақ жерін жаулап алғанда да Ұлы далаға әскерін орталықтан тез жеткізетін темір жол салудан бастаған еді Ресей империясы. Өмірінде бірінші рет поезды көрген қазақтар түйенің үстінде тұрып, атқа мініп поезбен жарысып, қуана қарсы алған ғой.

Қайтеміз енді. Өзіміздің бас жетпеді поезд құрастыратын. Ғылымды игермей малдың соңында, домбыраны сабалап "Ахоооуууу" деп өлең айтып жүре бердік. Сол өлең айтқаннан молынан айтып, Алатауға қарап ән шығарып 250 жыл орыстың отары болдық.

Қырымның да енді Ресейдің қоластынан шығуы екіталай. Ресей құлағанда болмаса...

Бауыржан Серікбайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522