Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3597 11 пікір 24 Желтоқсан, 2019 сағат 11:08

Алиментті борышкердің ата-анасынан өндіру ұят

Алиментті борышкердің ата-анасынан өндіруді ұсынған Әділет министрі Марат Бекетаев басқа планетадан келген адам сияқты.

Қарияларды қыспаққа алғанша сот орындаушылар заң аясында жұмыс істесін. Заң бойынша бала-шағасына қаржылай көмектеспеген әке немесе шешені 1 жылға бас бостандығынан айыруға болады. Жеке сот орындаушылардың қызметін қадағалаңыз. Айды аспанға шығарып, елді келеке еткені несі?

Италияның зейнеткерлері сияқты біздің ата-әжелеріміздің зейнетақысы қомақты емес.. Ұят енді..

Көпбалалы аналарды абыржыттық. Ақсақалдар мен апаларымызды сотқа сүйрелеу адамгершіліктен жұрдай болуға жақындататын әдемі тәсіл.

Жазира Бегалының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

11 пікір