Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4501 0 пікір 1 Қыркүйек, 2011 сағат 04:28

Жебе Ноян. «Колёсадағы» кикілжің

Бір жақын әпкем жеңіл көлігін сатуға көмектесуімді өтінді. Жексенбілік базарға шықпас бұрын алатын кісілер болса хабарласа берсін деп, kolesa.kz-ға құлақтандыру іліп қойдым. Икемім келгенше суретін де түсіріп, салдым. Әрине, «Колёса»-ның газеті де, сайты да ресми тілде екенін білесіздер. Көліктің жылы, қозғалтқышының көлемі, бағасы, түрі-түсі т.б. негізгі ақпараттардың бәрін сайттағы дайын кестеге толтырдық. Бәрі орыс тілінде. Сосын көліктің қыстық дөңгелектері мен темір дискілері бар екенін де айтып, астына ана тілімде (ҚАЗАҚ) шағын мәтін жазып жібердім. Бірақ қазақша жазамын деп «қылмысты» боларымды қайдан білейін?! Сол шағын қазақша мәтін кімнің шайтанын шаптан түрткені бір құдайға аян, ертеңінде сайтты қарасам көлікке қатысы жоқ бірнеше қыңыр-қисық комменттер кимелеп тұр екен. Қыңыр-қисық дегенім бер жағы, тіпті қазақты қорлаған сөздер де қодыраңдап, «қорсылдап» тұр. Біріншісі, «ай, ай, машина қып-қызыл жақсы екен, менде ақша жоқ, қойға айырбастайсың ба, 5 чтук бар? Бірақ қалаға баруға ақша жоқ, ауылға әкеліп берші, ұн мен рожки ала келші» деп қазақшаны әдейі қиқы-шойқы қылып жазған коммент. Әлдебір космополиттің «қазақтар ауылда қоймен бірге мал болып тұрасыңдар, нанға жарымайтын өркениеттен алыс кедей, жабайысыңдар» деген қорлықты кекесінін бірден аңғардым. Әрине, қазақша жазғаныма қарсы арам пейіл. Сіздер қалай ойлайсыздар, өз еріктеріңіз.

Бір жақын әпкем жеңіл көлігін сатуға көмектесуімді өтінді. Жексенбілік базарға шықпас бұрын алатын кісілер болса хабарласа берсін деп, kolesa.kz-ға құлақтандыру іліп қойдым. Икемім келгенше суретін де түсіріп, салдым. Әрине, «Колёса»-ның газеті де, сайты да ресми тілде екенін білесіздер. Көліктің жылы, қозғалтқышының көлемі, бағасы, түрі-түсі т.б. негізгі ақпараттардың бәрін сайттағы дайын кестеге толтырдық. Бәрі орыс тілінде. Сосын көліктің қыстық дөңгелектері мен темір дискілері бар екенін де айтып, астына ана тілімде (ҚАЗАҚ) шағын мәтін жазып жібердім. Бірақ қазақша жазамын деп «қылмысты» боларымды қайдан білейін?! Сол шағын қазақша мәтін кімнің шайтанын шаптан түрткені бір құдайға аян, ертеңінде сайтты қарасам көлікке қатысы жоқ бірнеше қыңыр-қисық комменттер кимелеп тұр екен. Қыңыр-қисық дегенім бер жағы, тіпті қазақты қорлаған сөздер де қодыраңдап, «қорсылдап» тұр. Біріншісі, «ай, ай, машина қып-қызыл жақсы екен, менде ақша жоқ, қойға айырбастайсың ба, 5 чтук бар? Бірақ қалаға баруға ақша жоқ, ауылға әкеліп берші, ұн мен рожки ала келші» деп қазақшаны әдейі қиқы-шойқы қылып жазған коммент. Әлдебір космополиттің «қазақтар ауылда қоймен бірге мал болып тұрасыңдар, нанға жарымайтын өркениеттен алыс кедей, жабайысыңдар» деген қорлықты кекесінін бірден аңғардым. Әрине, қазақша жазғаныма қарсы арам пейіл. Сіздер қалай ойлайсыздар, өз еріктеріңіз. Бірақ әлгі сөздің ләмінен менің жүрегім сондай суық ызғарды бірден сезді. (Комментті жазылған қалпында беруге болушы еді, бірақ, оған жазған қазақша жауабымнан соң «индейцы, мамбики...» деп бүкіл ұлтты кемсіткен сөздерден кейін барлығын өшіріп тастаған едім.) Бұл жерде «сайт пен газет орыс тілінде» деп жоқ жерден ілік іздейін деген ой жоқ. Әрине, ол бұрыннан қалыптасқан жарнамалық басылым, оған ешкімнің дауы жоқ. Және «маған біреулер осылай деді» деп шағынғалы да отырған жоқпын. Әңгіме қазақтың мемлекетінде отырып қазақша екі ауыз сөз жазған адамға қабаған иттей арс ететін арсыздардың әлі арынын жоғалтпай отырғандығында. Ол ғана емес, біздің кез-келген жарнама саласында ресми тілдің ырқынан шыға алмай отырғанымыз үлкен өкініш. Бейне, жарнамаға хабарландыруды қазақша берсек, сататын дүниемізге ешкім қарамай қоятындай қуыстанамыз. Керісінше, қазақша болса ешкім бізге затын сатпайтындай сезінеміз. Тіл туралы заңды министрліктің өзі мың құбылтып, үкіметтің өзі қазақ тіліне үрке қарап отырғанда жарнама тілін кім жарылқайды дейсің?! Неге бізде көлік туралы қазақ тіліндегі жарнамалық сайт пен газет жоқ? Әлде Қазақстандағы халықтың жетпіс пайызын құрайтын қазақтың көлік сатқанда тілдері күрмеліп қала ма? Сұрақ көп. Осының бәрі өзімізді қор санайтын жасқаншақ халдің кесірі екенін іштеріңіз сезіп отырған шығар. Үлкен жағын да ескере отырып, тілді алдымен осындай күнделікті, қоғамдық ортаға жақын мәселелерде халықтың құлағына үйір қылсақ, қазақша хабарландыруды ешкім жатырқамас еді. Кейде газет, сайттағы құлақтандыру бойынша хабарласқанда тек орысша ғана сөйлеп жататын жаман әдетіміз бар. Ар жағында кім тұрғаны емес, өзіміздің орысша сөйлеуіміз міндет секілді. Мәселен, «Алло, здраствуйте, я по обьявленю» деп бастап алып даңғырлай жөнелеміз. Айтпағым, «дүнием өтпей қалады-ау» деген дүниелік ойды ысыра тұрып, қалағанымызды қазақша айтып, жазып үйренсек. Бұл жерде малды саудаға саламыз деп, арды саудаға салудан аулақ болсақ бізге ешкім дауыс көтере алмас еді. Әрине, тек бір ауыздылық керек. Дегенмен, бәрінен түңіліп, қара аспанды төндіре беру де жарамас. Егер сатпақшы болған көлігімнің астындағы мына комменттерге қарасаңыз, тілі үшін тайсалмайтын намысты азаматтар да жоқ емесін көресіздер. Оларды айна-қатесіз көшіріп аладым. Егер үн қосамын десеңіздер мынаны басыңыздар. http://kolesa.kz/a/show/4323766/?code=93f8203e3e1d34e09abe47d73b802fad52ef0cb

Осылай әр бұрыштан үргендердің үнін өшірсек, мысық тілеулі ағайынның да арыны қайтып, ақылға келер. Ең дұрысы шаңырақтың кімдікі екенін түсінер, оған сеніміңіз кәміл болсын!

Иесидля ***

***
Сообщение удалено

26 августа в 10:18      Ответить Пожаловаться
500 кос та ала бер. Матордынмайын да ауыстырыпкойдым.

123 26 августа в 15:01      Ответить Пожаловаться
ПИШИ ЧТОБЫ ВСЕ ПОНИМАЛИ МАМБО

777 для 123

26 августа в 15:14      Ответить Пожаловаться
Тусинбесенокымай-ак кой МАНГУРТ.

Арман 26 августа в 15:21      Ответить Пожаловаться
5 700 гебересизбе? СТО га тексертипаламыз.

Коргалжындля 123

27 августа в 00:15      Ответить Пожаловаться
ты живешь в Казахстане ты должен на казахском понимать . если ты не понимаешь не наши проблемы .

начальник МАМБО для Коргалжын

27 августа в 09:57      Ответить Пожаловаться
Казахстан - многонациональная страна, так что пиши так, чтобы все понимали, умник...

Казах дляначальник МАМБО

27 августа в 13:14      Ответить Пожаловаться
Олень надо будет выучишь каз яз. Так что хлебало закрой пока тебе его не сломали. С/у пацаны с Кокшетау

Nurs 27 августа в 18:26      Ответить Пожаловаться
[ссылка устарела] Устинен 1500 косамын.

Nurs 27 августа в 18:47      Ответить Пожаловаться
И вообще, для всяких негодяев которые не хотят и не понимают казахскии язык покрываясь многонацианальностю! Казахскии-Государственный язык! И не фиг указывать, на каком нам писать,говарить!

учитель русского языка для Nurs

27 августа в 19:07      Ответить Пожаловаться
Да, ребята,вам только на казахском языке и говорить, писать по русски вы совсем не умеете. И я ООООченьсомневаюсь,что и по "государственному" языку вы умеете писать без ошибок. Ни кто и не спорит,что это наше будущее,но надо и помнить ваше прошлое. А то бы не машинами,алощадьми бы тогровали.

Коргалжын 27 августа в 23:26      Ответить Пожаловаться
тебя волнует умеем ли мы писать на русском или на казахском языке? Хозяин этой машины поставил объявление и написал на государственном языке,а те кто не понимают пусть мимо проходят . мы же не говорим что бы другие писали на объявлениях на государственном языке. так что не надо тут своё пихать .МАНГУРТ

9 30 августа в 00:04      Ответить Пожаловаться
6000?

Продавец лошадей дляучительдля учитель русского языка

30 августа в 19:29      Ответить Пожаловаться
грамотный да ? засунь свой язык по глубже . когда нибудь рискуешь остаться без него !

Мурат 31 августа в 09:06      Ответить Пожаловаться
Қазақшажазсақ неге кінәліболуымызкерек?! Қайтілдежазамынөзеркім. Түсінбесеолтүсінбегендердіңөзшаруасы. Негізі, мемлекеттіктілдімеңгеруәрбірҚазақстаназаматыныңпарызы. Және БОЛАШАҚ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ. Айтпақшы, машина сатылып кетті. Сіздерге де жақсыкөліккезігуінетілектеспін!

«Абай-ақпарат»

0 пікір