Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3300 0 пікір 1 Қыркүйек, 2011 сағат 04:14

Әбдірашит Бәкірұлы. Қазақ «құлдық санадағы халық» па?

 

Құрметті Абай.кз оқырмандары, менің  бұл мақалам біршама басылым беттерінде жарық көргенін жасырмаймын. Мүмкін бұл мақаламен кейбір оқырмандар таныс та шығар. Бірақ күнделікті ақпарат жүйесінде аракідік: «біз - құлдық санадағы халықпыз» деген сөз әлі де жалғасуда. Оны айтушылардың арасында мәжіліс депутаттары да, ұлт патриоттары да кездеседі.  Жанашырлықпен айтылған осы сөздің уытын олардың өздері түсіне ме? Сондықтан, осы мәселенің ақ-қарасын оқырмандар ақылына салу үшін - мақаланы еліміздегі қазақ сайттарының көш басы Абай.кз-ге ұсынуды жөн көрдім.

1. Құрсауланған шындық. Ол кімге керек?

Әркім-ақ: «Мен өз білгеніммен ойлаймын, маған өзге біреудің айтқанының әсері шамалы», - деуге бейім. Бұлай деп айтқаны - адамның өз ерекшелігін сезінгені. Және де ол өзін солай сезінгеннен алабөтен рахат күйге бөленеді... Адам баласының бұл «астамшылдығын» мойындамаудың өзі әбестік. Себебі, әркімнің өзі өмір сүріп отырған орта шындығын тануға өз бетімен ұмтылыса, айып па екен? Бұдан өзгеше бір ілік іздеудің қажеті де жоқ сияқты..

 

Құрметті Абай.кз оқырмандары, менің  бұл мақалам біршама басылым беттерінде жарық көргенін жасырмаймын. Мүмкін бұл мақаламен кейбір оқырмандар таныс та шығар. Бірақ күнделікті ақпарат жүйесінде аракідік: «біз - құлдық санадағы халықпыз» деген сөз әлі де жалғасуда. Оны айтушылардың арасында мәжіліс депутаттары да, ұлт патриоттары да кездеседі.  Жанашырлықпен айтылған осы сөздің уытын олардың өздері түсіне ме? Сондықтан, осы мәселенің ақ-қарасын оқырмандар ақылына салу үшін - мақаланы еліміздегі қазақ сайттарының көш басы Абай.кз-ге ұсынуды жөн көрдім.

1. Құрсауланған шындық. Ол кімге керек?

Әркім-ақ: «Мен өз білгеніммен ойлаймын, маған өзге біреудің айтқанының әсері шамалы», - деуге бейім. Бұлай деп айтқаны - адамның өз ерекшелігін сезінгені. Және де ол өзін солай сезінгеннен алабөтен рахат күйге бөленеді... Адам баласының бұл «астамшылдығын» мойындамаудың өзі әбестік. Себебі, әркімнің өзі өмір сүріп отырған орта шындығын тануға өз бетімен ұмтылыса, айып па екен? Бұдан өзгеше бір ілік іздеудің қажеті де жоқ сияқты..

Дегенмен, бұл - дәл осылай тұжырымдап қоя салатындай тым қарапайым мәселе емес. Оны кеңінен ұғу үшін, әркімге, алдымен, өзінің қандай қоғамда өмір сүріп отырғандығын анықтап алуы қажет. Қазіргі сарапшылар «қазақстандық авторитаризм» туралы көп жаза бастады. «Авторитаризм (латынша auctoritas - билік, ықпал ету дегенді білдіреді) - антидемократиялық және заңсыз билік етудің түрі. Оған азиялық деспотизмді, тиранияны, әскери-полициялық және фашистік режимдер мен казармалық коммунизм түрлерін жатқызуға болады. А. жағдайында бір адамның немесе кланның заңсыз билігіне шек қойылмайды және ол халықтың бақылауынан тысқары, азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың құқы мен еркі шектеулі. Мұндай қоғамда демократиялық шешімдер болмайды, немесе, халыққа оның алдамшы түрі ұсынылады. Халық саяси манупуляциялардың объектісіне айналады». (Философиялық энциклопедиялық сөздік. М.: 1989)

Біз осындағы айтылған белгілердің біразы біздің қоғамға тән екендігін, қоғамдық қатынастар жүйесінде толығымен орын алғандығын байқаймыз. Ендеше бізге де: «демократиясы шектеулі авторитарлық қоғамда өмір сүрудеміз» - деп мойындауға негіз бар.

Өйткені, біздің қоғамда да:

а) билік қоғам өмірін толық бақылап отыр;

б) демократиялық үрдістерді түрлі жолдармен шектеуге ұмтылысын ашық жүргізіп отыр.

Мысалы, осыдан біраз уақыт бұрын - билік партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, биыл - Президент кеңесшісі өз сұхбаттарында: «Біз биліктеміз, сол себепті де біздің қалауымыз қашанда орындалатын болады» - деп ағынан жарылды. Солай дей отырып, олар: «Біз өз шешімдеріміздің мемлекет пен оны құраушы халық мүддесіне толық сай екендігін дәлелдеуге әзірміз» деген сөзді қалай да айтпайды. Неге десеңіз, авторитарлы билік ондайға үйренбеген, әрі, оны қажет етпейді. Олар үшін бір ғана шындық  -  «өз қалауы» ғана бар. Одан өзге шындықтың болуы тиіс емес.

(Кейде ойлаймын: «Осы уақытқа дейін билік жоспарлаған реформалардың көбі дерлік аяқсыз қалуы мүмкін, содан - биліктің халықпен ақылдаспай шешім қабылдап, ол шешімдер сөзсіз орындаларына шамадан тыс сенгендігінен болар» деп... Бірақ ол жобалардың көбі аяқтаусыз қалды емес пе? Сондықтан да бүгінде қоғамда «Ол жобаларға халықтың қанша қаржысы шығындалды?», «Ол үшін кім жауапты?», «Аяқсыз қалуының себебі неде?», «Жобалар әуел бастан қате болды ма, болмаса, оның іске аспауына төтенше бір жағдайлар әсер етті ме?» деген сұрақтар қордаланған үстіне қордалана түсуде. Ешқайсысына жауап берілмеуде).

Алайда, «шындығы шындық болмай шыққан» билік өз қателігін мойындаудан әркез басын алып қашуға тырысады. Әрине, мұндай «босаңдық» билік түгілі жеке адамдарға да тән құбылыс. Мүмкін содан болар  - билік әр кез «бізде бәрі жақсы», «жоспар бойынша дамуды қамтамасыз етудеміз» және т.с.с. уәделерді үйіп-төгуден айныған емес. Уәделер орындалмай, қалың елдің тұрмыс жағдайы оңала алмай шаршаған халықтың билікке деген сенімі «қарқынды» жоғалып жатса да - нарцицизммен шалыққан билік оны көргісі келмейді. Әлде, ол (билік) «өз ойыммен жүремін» дегенге қатты сеніп кеткені соншалық - сенімнің сарқылып бара жатқанын көре алмайтын қалге түскен бе?..

Дегенмен де, сөйткен билік арасынан анда-санда біреулері шығып «қазақ құлдық санадан арылмаған халық» деп қоятынын қайтерсің! (Оған «Ұлтым» дегенде  аузынан жалын ататын кейбір азаматтар да үн қосып қоятыны тағы бар!) Олар, сірә, «құлдық санадан» арылмаған халық өз шындығын іздемейді, жоғын жоқтамайды, бәрін де ұмытып кетеді деп санайтын болса керек. Немесе, «қоғамның тұралап қалуы соның ғана әсерінен» деп ойлай ма екен?..

Ал, енді, әділ сайлаулар өткізіп халықтың таңдауын байқап, әуел бастан билік жүйесін жайлаған коррупцияны жойып - халықтың жасампаздық қабілетін сынап көрген кім бар? Оның орнына: «Е-е, бұлар құлдық санадағылар ғой, қолынан не келеді» дей салу - халықтан оқшауланып кеткен биліктің өз қателігі мен қоғам мүддесіне кереғар болмысын ақтап алудың ең оңай, ең төте жолы.

Бізде қазір әркімге бірдей міндетті заңды да бұрмалау жиі көрініс беретін болды. Егер бұл үрдіс одан әрмен ұлғая берсе, онда қоғам толыққанды тотолитарлық қоғамға айналары күмәнсіз. Әзірге авторитарлы қоғамның ушыққан түріне жататын тотолитарлық қоғамның сипаттары пайда болуда. Осыны ескере отырып, әрі, ойымызды әрмен қарай өрбіту үшін, біз «тотолитаризм элементтері араласқан авторитарлық қоғамда өмір сүріп жатырмыз» деген тұжырымға тоқталайық. Ол бізге осында сөз болып отырған «құлдық сана» феноменін зерделеу үшін қажет.

Өткен жылы 60 жасқа қараған шағында оқыс өмірден өткен аяулы досымыз, философ Н.Сейтахметов «тоталитарлық қоғамда қоғамдық сана әрқашан фрагментарлық (шашыраңқы деген мағынада) тұрғыда көрініс табады» - деуші еді. (Н.Сейтахметов. Нравственный принцип германского идеализма. Алматы, 2007 36-б.).

-  Себебі, тоталитарлық билік тек қана өз мақсатына сай келетін ой-пікірді алға шығарып, өзіне «зиянды» деп санайтын ойды тұншықтырумен болады. Ондайда биліктің әрекеті бүкіл қоғам ойының тұтас палитрасын қамтымауы себепті - қолға алынған мемлекеттік шаралар да жеке мақсаттарды қамтамасыз етумен ұштасып жатады. Ең өкініштісі - мұндай жағдайда қоғамдағы азаматтардың көбі осы тоталитарлық билікке тән фрагментарлық сананы «шындықтың шыңы» деп қабылдай бастайды. Ал, шын мәнісінде, биліктің көзқарасы қоғамның шынайы болмысынан алшақ болуы себепті, қоғам да өзінің потенциалды мүмкіндігіне сай дамуын қамтамасыз ете алмайды. Билік қанша жерден қайталап  «барлығы да ел-жұрттың мүддесі үшін» десе де, шындықтың түбі билікпен астарласқан элитарлы топтың, яғни, тоталитарлық биліктің мүддесі төңірегінде болады. Ал осылай болып отырғаны себепті, әрі, осыған байланысты - қоғамға ұсынылатын «шындық» жасанды болып шығады. Мұнда қоғамның шынайы келбетін бейнелейтін объективті шындық пен авторитарлы билік ұсынған, дұрыстығына шек келтіруге тиым салынған субъективті шындықтың арасы жер мен көктей болып  қайшылық арта түседі. Егер қоғам өзінің шынайы болмысына сай өмірге қолы жетпесе, онда ондағы басыбайлы ақпарат көздері арқылы қоғам санасына сіңдірілетін «шындық» дейтін шындық - шындық емес, түпкілікті мақсатында жалған болады.

Қоғам туралы небір ғылыми теориялар бар. Әдетте көпшілік «арнайы біліміміз жоқ, оны түсінбейміз» деп, ол туралы ойдан қашқақтап, өз бетімен жүргенді құп көреді. Солайы солай-ау, арнайы білім болғанға не жетсін! Онда қоғам секілді күрделі организмді ұғу да жеңіл болар еді. Бірақ бүкіл халықты осы бағытта жаппай сауаттандыру мүмкін емес, әрі ол қажет пе? Оның үстіне, қазіргі жағдайымызда тым сауатты әрі белсенді қоғам авторитарлы биліктің мүддесіне еш сәйкес келмейтіндіктен - ондай идеяның жүзеге асуы да екіталай...

Дегенмен, қоғам өмірін ұғудың ең қарапайым әдістері бар. Егер әркім  қоғамды жеке адам тағдырымен ұштастыра қарауға үйренсе,әрі қоғам өмірін жеке адам өмірімен салыстыра қарауға үйренсе - көп нәрсенің жұмбағы оңай ашылады. Ол үшін адамға шым-шытырық теориялардың да қажеті жоқ - адамның өмірлік тәжірибесінің өзі жеткілікті: мәселен, кез келген адам табиғатынан берілген болмысына сай өмір сүре ала ма? Жоқ. Егер ондай заман туса жер бетінде әлдеқашан ұжмақ орнауы тиіс болатұғын. Адамдардың көпшілігі өздеріне мүмкіндік ретінде берілген «жұлдызды ғұмырын» өз бастарынан өткермей-ақ өмірін сарқып алады. Дегенмен, қалай болғанда да, адамның өмірі бос өтті деуге сірә да болмас. Ол, бәрібір, өзіне табиғат жүктеген ұрпақ жалғастыру, алдыңғы ұрпақтан өз бойына сіңірген тәжірибені (тіл, мәдениет, салт-дәстүр) келер ұрпақтың бойына егу сияқты негізгі адами міндеттерін жүзеге асырады.

(...Біреулер бұл миссияны орындау жолында керемет етікші болып алады. Бірақ ол қабілетіне сай композитор болғанда - қоғамға әлдеқайда мол пайда әкелер ме еді?..Енді ол басқа әңгіме ғой).

Яғни, адам санасы (қоғамдық сана) көбіне-көп адамның (қоғамның) шынайы болмысына сай келе бермейді. Ондай кездерде біз жеке адамға қатысты алғанда: «Қолының қысқалығынан ерік-жігерін толық іске асыра алмады» - деп, өзгені де, өзімізді де жұбатамыз. Әрине, соншалықты қайғыратындай бұл трагедия емес, бұл - тағдыр. Жеке адамның тағдыры болғандықтан біз оған жанашырлықпен қарай аламыз.

Ал өз потенциалын іске асыра алмай жатқан қоғам туралы не айтуға болады? Оған қатысты жанашырлық таныта аламыз ба? «Иә» десек қателесер едік. Өйткені, біз жеке адамға қатысты алғанда оқиғадан тысқары тұрамыз. Бөлек жаратылысқа сай оның тәні мен жан азабын өзіміздікі сияқты қабылдай алмаймыз, тек - жанашыр ғанамыз. Ал қоғам өмірінде біз оқиғаның ішінде тұрамыз. Сол себепті де қоғамның зары мен мұңы, қиналысы, мешеулігі, немесе, қатыгездігі және т.с.с. құбылыстар - сол қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір адамды жан азабына ұшырата алатын құрсаулаған сыртқы күштер ретінде көрініс табады.

Қоғам қолының қысқалығынан емес, өзінің өмірін дұрыс ұйымдастыра алмауының салдарынан өзінің толық потенциалды мүмкіндіктерін ашпайды. Соның арқасында қоғамның әрбір мүшесі қиналыс пен күйзеліс жағдайына түседі. Мұндайда бөтен біреуге емес, өзіңе өзің «жанашыр» болу (күресу) қажеттігі пайда болады. Соның өзінде, ондай жоғарғы «күрескерлік қасиет» кім көрінгенге емес, мешеу қоғамның қасіретін «өз қасіреті» деп ұғатын, қоғам болмысын фрагментті тұрғыдан емес, өзі өмір сүріп отырған қоғамды және тарих логикасын біршама тұтас қамтуға қабілетті адамдарға ғана тән болады.

Осындай астарлы ақиқатты ұға қоймаған біздің кейбір лауазымды тұлғаларымыз бен ұлтшыл патриоттарымыз «қазақ әлі де құлдық санадан құтыла алмай жатыр» деп қайталағанды тәуір көреді...

Атүсті құлақ салған адамға бәрі де солай сияқты: құлдық санамен жүрген сорлы қазақ өз тіліне мұрнын шүйіріп қарайды, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін ұмытуда және т.б. дегендей. Егер басқаша түйіндер болсақ, онда, бұны - осы тарихи кезеңге жетіп, біздің санамызда қалыптасқан қазақ болмысының біртіндеп жоғалып бара жатқанына наразылық ретінде айтылған, әрі халықта оған қарсы тұруға қайрау үшін айтылған жан айқай десе де болар еді... Дегенмен, осы «құлдық санадан құтыла алмаған қазақ» деген сөздің төңірегінде де біраз ойланып көрген артық емес.

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ

Философ-публицист,

«Абай-ақпарат»

(Жалғасы бар)

0 пікір