Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6286 11 пікір 13 Желтоқсан, 2019 сағат 17:41

Академик Сұлтан Сартаев қайтыс болды

Заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Сұлтан Сартаев қайтыс болды. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі хабарлады. 

Сұлтан Сартайұлы Сартаев 1927 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Биыл 15 қазанда 92 жасқа толған.

Сұлтан Сартаев 1995 жылы еліміздің Ата Заңын дайындауға қатысқан. Оның бастауымен Конституцияға Қазақстанның жер және жер қойнауы, ұлттық нышандарына байланысты көптеген маңызды өзгеріс енгізілді.

Сұлтан Сартайұлы  - Заң ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Республикасы заңгерлер қауымдастығының вице-президенті. «Қазақ КСР Президенті лауазымын белгілеу туралы» заң әзірлеушілердің бірі. Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері.

Еңбек жолы:

  • 1952 – 1955 жылдары Алматы Заң институтының аға оқытушы, доцент, басшысы;
  • 1955 – 1992 жылдары Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) де доцент, кафедра меңгерушісі, заң факультетінің деканы, мемлекет теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры және Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры;
  • 1992 – 2007 жылдары Қазақ Құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры;
  • 1995 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры;

Қоғамдық лауазымдары:

  • Қазақ КСР-ның президенттік кеңесінің мүшесі;
  • 1990 – 1993 жылдары Қазақ КСРнің Халық депутаты;
  • 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің12-ші шақырылымының төрағасының лауазымына кандидат;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-13 шақырылған, Халықаралық және парламентаралық қарым-қатынастар жөніндегі комитеті Республикасы Жоғарғы Кеңесінің мүшесі болды.
  • 1990 жылы Қазақ КСР-ның Президенті жанындағы кешірім комиссиясының төрағасы *1989 – 1994 жылдары Қазақстан заңгерлер одағының президенті.
  • Қазақ халықаралық байырғы халықтар және этникалық азшылық қорының президенті.
  • 1994 жылдан Қазақстан Республикасының адвокаттар алқасының вице-президенті.

Ғылыми атақтары:

  • 1952 жылы Заң ғылымдарының кандидаты;
  • Диссертация тақырыбы: «Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Білім және даму» (Мәскеу Заң институты);
  • 1970 жылы Заң ғылымдарының докторы құрметті ғылыми атағы берілді.
  • 1972 жыл профессор құрметті атағы;
  • 1995 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі.
  • 1996 жылдан ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі;
  • 2003 жылдан ҚР Жоғарғы білім беру академиясының академигі;

Мемлекеттік марапаттары:

  • 1981 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
  • КСРОның бірнеше медалдарымен марапатталған.
  • КСРОның «Еңбек ардагері» медалімен екі мәрте марапатталған.
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасының иегері;
  • 2001 жылы тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды.
  • 2008 жылы Қырғыз Республикасының «Даңқ» Ордені;
  • 2009 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды;
  • «Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы;
  • «Қазақстанның Еңбек сіңірген заңгері» құрметті атағы;
  • Бірнеше Қазақстан Республикасының мерекелік медалдарымен марапатталған;
  • ҚР Білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі»;
  • «Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері» атағының иегері;
  • Қызылорда облысының Құрметті азаматы құрметті атағы.

(Дереккөзі: wikipedia)

Abai.kz

11 пікір