Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4651 7 пікір 13 Желтоқсан, 2019 сағат 15:05

Басқа жастар да саясатқа қадам бассын!

Ютубты қарасам, Жанболат Мамай мен Инга Иманбай "биліктің жобасы", "Қосанов-2" деп жатқандар бар екен. Бұндай пікірлерді көргенде таң қаламын.

Жанболат пен Инганы өз басым 2009 жылдан бері танимын. Ол кезде олар бүгінгідей әке мен ана емес, жап жас студент болатын. Мен де о кезде сәл-пәл жастау болатынмын.

Казахстанская нация 2009, Қытайға 1 млн га жерді жалға беру (2010), Кедендік одақ, Жаңаөзен мен Шетпе қанды оқиғасы, 2012 жылы өтіп жатқан митингтер, Жер мәселесі - барлық өткір жағдайда олар өз мінезін көрсетті.

Қазір олар өз партиясын ашқысы келіп жүр. Ашсын, іске сәт деймін! Басқа жастар да саясатқа қадам бассын. Елдің болашағы қандай болар - тек саяси сахнада шешіледі! Саясатта жастар көп болуы қажет, өйткені болашақ жастардікі. Біздің буынымыздың бүгінгі жұмысы - жастарға жол ашу, мүмкіндік беру, қолымыздан келсе, үлгі болу!

Болашақта бұндай жас патриоттар парламентте отыруы қажет деп білем! Жастар саясатта көп болып жүруі тиіс, өйткені болашақ олардікі!

Мұхтар Тайжан

(Фейсбук парақшасынан.)

Abai.kz

7 пікір