Жұма, 29 Наурыз 2024
4220 0 пікір 13 Желтоқсан, 2019 сағат 11:37

 «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті

«Жомарт Жүрек» байқауының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі 2019 жылы 12 желтоқсанда Нұр-Cұлтан қаласында өтті.

«Жомарт Жүрек» сыйлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен ұйымдастырылған бірегей жоба.

Сыйлықтың негізгі мақсаты қайырымдылық қызмет идеяларын, меценаттықты және филантропияны насихаттау болып табылады.

Сыйлықты тапсыру рәсіміне туған жерін, өскен өлкесін дамытуға қатысқаны үшін бизнес-құрылымдардың, ҮЕҰ, еріктілер мен қайырымдылық көмек көрсетушілер арасынан 50 өкіл марапатталды. 

Сыйлық «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Ерен ерлігі», «Үздік ұйым» аталымдары бойынша табыс етілді.

Туған өлкесінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясы бойынша «Gaz stroy montazh KZ» ЖШС құрылтайшысы (Атырау облысы) Табылдиев Ерлан марапатталды.

Ерлан 2019 жылы Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионын толығымен жаңартып, жастарға арналған скейт паркін салды. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасынан шыққан екі студент үшін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде тегін білім алу үшін жағдай жасады. 

«Зенченко и К» шаруа қожалығының директоры (Солтүстік Қазақстан облысы) Зенченко Геннадий да осы номинацияда жеңімпаз атанды. 

Геннадий «Ажар» балабақшасына демеушілік көмек көрсетті (бөлмені жөндеу, жиһаз бен кафель плиткаларын ішінара ауыстыру). Демеушілік қаражат есебінен ауылдық округтің барлық мектептерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін Новоникольское ауылындағы Мәдениет үйі қайта жаңартылады.

 «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша белсенді азаматтық ұстанымы, түрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі үшін Жамбыл облысының паралимпиадалық чемпионы Ғабидуллина Зульфия жеңімпаз атанды.

Зульфия жүзу бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Өз есебінен көп балалы, аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетеді. Ағымдағы жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында Тараз қаласының «Жансая» шағын ауданында баскетбол, мини-футбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға арналған алаң салынды.

Салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға бағытталған түрлі акциялар мен марафондар тұрақты түрде өткізіледі.

Сонымен қатар, осы номинацияда анестезиолог-дәрігер, кәсіпкер, «Emodji» әлеуметтік кафесінің иесі Базылов Азамат жеңімпаз атанды.

Азамат 15 саңырау адамды жұмыспен қамтып, «Emodji» әлеуметтік кафесін ашты. Бүгін бұл кафе Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары арасында танымал. Келушілер дәмхана қызметімен қатар ұсынылатын өнімдердің сапасына өте риза.

Елді мекендерді абаттандыруға, саябақтарды, аллеяларды, ескерткіштерді, балалардың ойын алаңдарын қайта жаңартуға және салуға, Денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт саласында «Туған өлке» номинациясы бойынша демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін жеңімпаздардың бірі «Алматы менеджмент университеті» ҚБ президенті, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Қожахметов Асылбек болды.

Асылбек 1988 жылы құрылған, кейіннен Халықаралық бизнес академиясы болып қайта құрылған Алматы менеджмент мектебінің Қазақстандағы алғашқы бизнес-мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. 2008-2012 жылдары Eduniversal әлемдік рейтинг агенттігі, Академия Қазақстандағы № 1 бизнес-жоғары оқу орны болып танылды, 2014 жылы Eduniversal рейтингінде 4 пальма тармағын алып, әлемнің үздік 300 бизнес-жоғары оқу орындарының қатарына енді және 2017 жылы рейтингтегі позициясын растады. 

«Еліміздің жоғары оқу орындарының ауыл мектептерін қолдау» бағдарламасына бастамашы болды, онда қазақстандық ЖОО-ның әрқайсысына елдің ауылдық аудандарының біріне қамқорлық көрсету ұсынылды.

Сондай-ақ осы номинацияда Маңғыстау облысының кәсіпкері Еділов Нұржан жеңімпаз атанды. 

Нұржан, жеке кәсіпкер, Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында 295 млн. теңге сомасына спорт кешенін салды.

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды тиімді іске асыруда, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді нысандарын енгізуде және/немесе қоғамдық маңызы бар іс-шараларға бас демеушілікте «Үздік ұйым» номинациясы бойынша «Қазфосфат» ЖШС жеңімпаз атанды, ұйым басшысы Искандиров Мұқаш болып табылады.

 «Қазфосфат» ЖШС жыл сайын жастарға, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге қаржылай көмек көрсетеді. 2018-2019 жылдар аралығында 46 млн.теңгеден астам сомаға меценаттық көмек көрсетілді. Тараз қаласының «Мыңбұлақ» шағын ауданында, Жамбыл ауданының Шайқорық ауылында 26 млн.теңгеге, облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасында спорт алаңдары салынды. 

Сондай-ақ, 1 млн.теңге сомасына 53 көп балалы отбасына азық-түлік себеті сыйға тартылды. 

Сонымен қатар, осы номинацияда Рахимбаев Айдын басшылық жасайтын «BI Group» ірі инвестициялық-құрылыс холдингі жеңімпаз болып табылады. 

Холдинг Түркістан облысы, Арыс қаласында 100-ден астам қираған үйлерді қалпына келтірді. «BI – Жұлдыз-ай» әлеуметтік жобасы үнемі қайырымдылық акцияларын өткізеді. Осы жоба аясында науқас балаларға, көп балалы отбасыларға, көмекке мұқтаж адамдарға тұрақты түрде қолдау көрсетіледі.

Волонтерлік қызметке белсенді қатысқаны үшін «Ерен ерлігі» номинациясы бойынша сыйлық иегерлерінің бірі Арман Қасымов болып табылды.

Арман «Өмірзақ-Сервис» мұнай компаниясында жұмыс істейді, белсенді волонтер, Атырау жедел жәрдем стансасында 10 жылдан астам уақыт бойы волонтер болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, Арман жыл бойы денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту үшін, оның ішінде хоспистерге, онкологиялық диспансерлерге көмек көрсету үшін «Birgemiz: Saýlyq» жалпыұлттық жобасының амбассадоры болады. Жоба еріктілер жылын өткізу аясында іске асырылады.

Сондай-ақ осы номинацияда «Сағымбай» шаруа қожалығы  басшысы Уабов Сағынбай (Павлодар облысы) жеңімпаз атанды.

Сағынбай мектепте тегін ыстық тамақ ұйымдастырады, мәдени-бұқаралық іс-шараларға демеушілік жасайды, тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Бірнеше жыл бойы кәсіпорын көктемгі және күзгі сенбіліктерді өткізуге техника бөледі, апатты үйінділерді тазалайды және жолдарды ұстауға қаражат бөледі.

Шаруа қожалығы 2006 жылы құрылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Түгел батырдың жерленген жерін абаттандыруға демеушілік көмек көрсетеді. Аумақты қалпына келтіру, қоршау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Әр номинация бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығының                                       10 лауреаты марапатталды.

Жеңімпаздар http://jomartjurek.com сайтта ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564