Бейсенбі, 27 Ақпан 2020
Өзгелер 2733 14 пікір 12 Желтоқсан, 2019 сағат 11:32

Авраам Линкольн: «Сайлау бюллетені оқтан да күшті»

Әлем елдерінің дамуына, олардың қазіргі мемлекеттік тарихи құрылуына және мемлекеттік формасына мұқият көз жіберсеңіз, әрқилы екендігін көресіз. Мысалы, Генри Киссинджер: «Басы да, аяға да жоқ Қытай өркениеті - Қытай мемлекет болғанда көрерсіз» деген (Г. Киссинджер «Қытай туралы» кітабынан) қазіргі Қытай Халық Республикасы мемлекеттік тарихын 1949 жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасы құрылған күннен бастайды. Ал сол қытайдың ғасырлар бойғы бақталасы Жапония өзінің мемлекеттігін біздің дәуірге дейінгі 660 жылдың 11 ақпанынан бастап санайды. Біріншісі, Конституциялары бойынша – социалистік мемлекет те, ал екіншісі 1947 жылы күшіне енген Жапон конституция бойынша – конституциялық монархиялық мемлекет. Соңғы кезде жапондар өздерін демократиялық сипаттағы мемлекет екендігін де жиі айтып жүр. 

Қазіргі Түркия елінің даму тарихы көне тарихпен ұштасып жатса да, олар да өздерінің мемлекеттік құрылу тарихын Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғыста ойсырап жеңілгеннен кейін, 1923 жылғы 29 қазанда Түрік ұлттық мемлекеті жарияланған күннен бастайды. Ресейде осыған ұқсас деуге болады. Көп ғасырға созылған державалық тарихы жетіп бақса да  Ресейде мемлекеттік тәуелсіздігін 1991 жылдан санап отыр. Орыстар бүгінде президенттік – парламенттік, федеративтік мемлекет.

Әлемдік империяның бұрынғы орталығы саналатын Ұлыбритания 1800 жылы Ұлыбритания корольдігі мен Ирландия королдігінің бірігуінен, ал 1922 жылы Ирландияның бөлек мемлекет болып шығуынан соң Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Королдігі атанып, өздерінің тарихын 1922 жылдан бастайды. Парламенттік монархия  сипатындағы мемлекет. 

Немістерде бір ғасырда екі бірдей дүниежүзілік соғыстан қан жұтып, әрең дегенде екіге бөлініп қалған германияның басын қосып, мемлекеттігін қайта құрып, онысымен қоймай Еуроодақты табысты біріктіріп отырған мемлекет.

Қазір әлемде жоғары дамыған, бірінші экономика, бірінші алпауыт держава саналатын 1776 жылғы 4 шілде күні Ұлыбритания колониялық құлдығынан өздерінің тәуелсіздігін жариялаған Америка Құрама Штаттары әлем тарихындағы демократия идеясын тұңғыш жүзеге асырған мемлекет.

Олар осы идеясын 1789 жылы қабылдаған АҚШ Конституциясы мен Тәуелсіздік декларациясында жариялады: «Біз,  барлық адамдардың  тең жаратылғанына және  Жаратушы адамдарға бұйыртқан, олардан ажыратылмайтын адам өмірі,  бостандығы мен бақытты өмір сүру хақтарына сүйенеміз. Адамдар аталған хақтарды қамтамасыз ету үшін заңды өкілеттіктерін  басқаратындардың келісімі бойынша үкімет құрады. Егер қандай болмасын үкімет формасы осы құқықтарды жоятын болса, адамдардың қауіпсіздігі мен игілігін жақсарту үшін билік қағидалары мен нұсқалары негізінде  ұйымдастырылған, халыққа ыңғайлы үкіметке ауыстыруға немесе оны таратуға, не жаңа үкімет құруға құқы бар», - делінген.             

Ал,  АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам Линкольн (1809-1865 жылдары өмір сүрген) америка құлдарының еркіндігі үшін күресіп,  оларға бостандық әперген, құлдықтан босатқан адам. Американдықтардың ұлттық мақтанышы саналады. 

1860 жылғы сайлауда Оңтүстік штаттардың Одақ құрамынан шығамыз  дегендеріне қарамастан, екі партия: республикалық партия да, демократтар да Авраам Линкольн көтерген құлдардың еркіндігі мәселесінде бастарын қосты. 1861 жылы АҚШ-та құлдық жойылды. АҚШ тарихындағы қырғын қан төгілген Азаматтық соғыс (1861 -1865) кезінде америка демократиясы АҚШ-тың мемлекеттік ыдырауына жол бермеді. Америка ұлтының қалыптасуына ықпал етті. Американдықтар осы күнге дейін А. Линкольнді «халықтан шыққан, халықтың адамы еді», дейді, сондай-ақ Авраам Линкольн 1865 жылы оққа ұшқан бірінші АҚШ президенті.

А. Линкольннің АҚШ-та:  «Халықтан шыққан, халық сайлаған, халық  үшін сайланған үкімет» болуы қажет деген Геттисбергтегі (Пенсильвания штаты) сөзі бүгін де демократияның басты қағидасы саналады. Авраам Линкольннің демократияға қатысты айтқан кейбір сөздері:  

Сайлау бюллетені оқтан да күшті.

Кейбіреулерді үнемі ақымақ етуге болады, ал кейбіреулерді кейбір кезде ақымақ етуге болады, бірақ халықты үнемі  ақымақ етуге болмайды.

Қой да, қасқыр да  «бостандық» сөзін өздерінше түсінгеннен кейін  адамдар қоғамында алауыздық орын алды.

Мен құл болғым келмейді, құл иеленуші де болғым келмейді. Бұл менің демократия туралы түсінігім.          

Басқалардың бостандығын айырғандар, өздері де бостандыққа лайықты емес.

Адамдар өздері жасай алатынды оларға жасап беріп, біз оларға  ешқашанда көмектесе алмаймыз, адамдар еркіндікке өздері жетуі керек.   

Әділдікке сенейік, күштің шындық жағында екеніне бәріміз болып сенейік; ал сенім біздердің өз борышымызды орындауға көмектессін.

Салауат Кәрім

Abai.kz

14 пікір