Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4888 4 пікір 11 Желтоқсан, 2019 сағат 12:59

Балаларға арналған қазақша әрі қызықты контент жоқ

Балаларымыз бүкіл видеоны орысша көреді. Қазақтілді отбасында өсіп жатса да, тілі орысша шығып жатыр. Неге?

YouTube-те қазақша әрі қызықты контент жоқ. Балаларды қызықтыратын видео тек басқа тілде.

Фейсбуктен оқып жүргенімдей, бұл өте көп отбасының проблемасына айналды. Кейбір ата-ана онша мән бермей жүрген шығар, бірақ бұл үлкен проблема.

Айтамыз да, қоямыз. Енді әрекет ету керек. Үкімет араласпаса, қолдау болмаса, бұл ұсыныс та далада қалуы мүмкін. Тұтас орыстілді ұрпақ өсіп келеді. Сондықтан, оған қарсы күрес ретінде 10 бастама көтеріп отырмын.

1. Бүлдіршіндерді қызықтыратын музыкалық, балаларға арналған қазақша әнмен көркемделген танымдық видеолар керек.

2. Балаларды тәрбиелеп жатқан (мойындау керек) осы видео жазбаларды дайындайтын арнайы бір студия ашылуы тиіс.

3. Қазақтілді аниматорлар көбеюі керек. Ойын арқылы тіл үйрену оңайырақ.

4. Қуыршақ театрының артистері музыкалық, қызықты қойылымдарын YouTube арнасына шығарса, балаларды баулитын видео контент жасаса дұрыс болады.

5. Балаларға арналған қызықты, жеңіл сценарийлер жазылса. Байқау арқылы үздік жазбалар таңдалып, қысқа видео-жазбалар болса.

6. Ойыншық сататын дүкендер мен ойын-сауық алаңдары YouTube-ке шығатын актерлер немесе ата-аналар арқылы жарнама жасап, өнімдерін сата алатын еді. Балалар негізінен осындай видео жазбаларды қарайды.

7. Бүлдіршіндер ғана емес, бүкіл балалар видео подкасттарды орысша көреді. Бұл деген бүкіл ұрпақты өз тілінен айырып жатыр. Қазақша ойлай алмайтын буын өсіп келеді. Қазақтілді вайнер-ютюберлерді дайындау керек.

8. Осы ұсыныстарды билік басына жеткізіп, арнайы жұмыс тобы құрылып, бала тәрбиесіне қазір мән беруіміз керек. "Балаға планшет берме, компьютер қаратпа", деп шектейтін заман емес, қарасын. Тек шектеулі уақыт және өз тілінде қарауы тиіс. Тілі қазақша шығып, өз тілінде ойлауы қажет.

9. Елдегі кинотеатрлар қазақша мультфильмдердің көрсетілімін көбейтуі керек. Соңғы анимация - "Мұзды өлкенің" көрсетілімі күніне көп дегенде 2-рет қана, орысшасы әр сағат сайын өтіп жатыр. Кейбір кинотеатрлар мүлде қазақша көрсеткен жоқ. Барлық мультфильмдер қазақша дыбысталуы тиіс.

10. Бұл мәселе тек ана тілінің болашағын ойлайтындар мен баланың келешегіне алаңдайтындар үшін ғана емес, күллі қазақстандықтар басымдық беруі керек жағдай.

Кім қолдайды, ұсыныс айтыңыздар, бөлісіңіздер. Қазақтар ойланайық!

Үкілай Бестайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616