Жұма, 29 Наурыз 2024
Білгенге маржан 11822 86 пікір 11 Желтоқсан, 2019 сағат 13:34

Кеңестік білім туралы бес миф

1. «Кеңестік білім тегін болды!»

Бұл мифтің кеңестік пәтерлер туралы ертегілерімен тамыры бірдей. Ең бастысы – КСРО-да еш дүние тегін болған жоқ. Кеңес өкіметінің өзінде ақша жоқ, тек азаматтардың ақшасы болды. Олар бұл қаражатты өкімет бюджетіне салық түрінде алып келді.

Кеңес одағының адамы дамыған елдердің азаматтарынан ерекшеленді. Өйткені олар қанша және не үшін төлейтінін білмейтін. Ал салықтар іс жүзінде үлкен болды және Кеңес мемлекетінің өмір сүруінің жекелеген кезеңдерінде тапқан әр рубль үшін 80-90 тиынға дейін салық салынған.

Мысалы, жұмысшы Пәленбай айына 1000 рубль табыс табатын болса, ипотека, балаларға арналған жақсы мектеп пен медициналық сақтандыруға төлейтін қаржысынан бөлек қалтасында  500-600 рубль қалуы тиіс еді. Алайда, оның қалтасында бар болғаны 120 рубль қалатын.

Сонымен қатар, сталиндік жылдардағы кеңестік білім де ақылы болды. Және ол тек салық түрінде ғана емес еді. 1940-1956 жылдары сегізінші, тоғызыншы және оныншы сыныптарда оқу ақысы едәуір өсті. Заңға сәйкес, барлық жоғары оқу орындарында оқу ақылы болды.

2. «Кеңес мектебі әлемдегі ең жақсы мектеп болды!»

«Әлемдегі ең үздік» кеңестік мектептің мифін екіге бөліп қарауға болады. Біріншісі - мектеп оқу орны ретінде және әлеуметтік мекеме ретіндегі мектеп. Екіншісі мектептегі білім беру жүйесі. Кеңестік мектеп бағдарламасы Ресей империясында, оның ең жақсы гимназияларында жасалған деп айтылады. Мұның бәрі бос сөз.

1920 жылдардың орта шеніне дейін (және кейбір жерлерде соңына дейін) – КСРО-да білім саласындағы күрделі реформалар үшін уақыт та, ақша да болмады. Сөйтіп, кеңестік мектептер дамуын тежеді.

1930 жылдардың басынан бастап ескі білім беру жүйесі толығымен бұзылды. Ескі бағдарлама жаңаша ойлауға үйрететін нысандардан, соның ішінде  мектептер мен университеттерден алынып тасталды. (Ежелгі философия, нақты әлем тарихы, риторика, логика т.б.). Оларды марксистік жалған ғылыммен алмастырды. «Марксизм-ленинизм» немесе «саяси экономика» оқытыла бастады. Ал гимназиялардың ескі мұғалімдері саяси лагерьлерге қамалды немесе жұмыстан шығарылды.

Кеңестік мектеп - әлеуметтік институт дегенге келсек, әуелі бұл мәжбүрлеу орталығына ұқсайтын. Онда мәжбүрлі түрде жаттығу және әскери бағыныштылыққа үйрететін.

Мұғалімдер мен директорлардың абсолютті құқығы болды. Олар кеңес балаларын тек бағынуға үйретті. Сонымен қатар, ондағы мұғалімдер қос кеңестік моральды, коммунизм мұраттарын үйрететін. Ал өздері мүлде басқаша өмір сүретін.

3. «Кеңес мұғалімдері абыроймен өмір сүрді!»

Бұл «кеңестік білім беру жүйесі» туралы мифтің тағы бір бөлігі. Мифте - кеңес мұғалімдері өте жақсы өмір сүрген, барлығын төлей алатын және қиындықтарды білмейтін, дейді.

Совет мұғалімінің өмірі туралы не айтуға болады? КСРО-ның соңғы жылдарында мұғалімдер шамамен 120 рубль жалақы алды. Бұл онша көп ақша емес. Иә, совет мұғалімдері аштық сезінбеді. Бірақ, қарапайым бір жиһаз алу үшін оларға бірнеше жыл болмаса да, бірнеше ай керек еді.

Ал күйеуі жоқ мұғалімдер өте нашар өмір сүрді және артық ештеңеге қол жеткізе алмады. Шетелде демалу деген атымен болған жоқ. Тіпті, КСРО-да мұндай қызмет көрсету мүлде болмаған.

Сонымен қатар, совет мұғалімі мәжбүрлі қызметші болғанын айту керек. Академиялық еркіндік жоқ, мектеп директорының және бас мұғалімнің құлы болды.

4. «Кеңестік білім сапалы болды!»

Бұл мифтің ең маңызды бөлігі. Кеңестік білімнің керемет сапалы болып, барлығы оған қызғана да, қызыға қарайтын-мыс...Мұның бәрі, әрине, ертегі. Кеңестік ертегі.

Кеңестік гуманитарлық білім толығымен «марксизм-ленинизм» және басқа да «измдер» сияқты жалған ғылымдардан тұрды. Техникалық пәндер аз болды. Кеңестік білім адамдарды еркін ойлауға және себептік қатынастарды табуға үйретпеді.

Оның себебі де қарапайым. Шынымен білімді адам ерте ме, кеш пе бүкіл кеңестік жүйенің заңдылығына күмәнмен қарауға мәжбүр болатын. Ал бұл кеңестік билік жүйесіне мүлде қажет емес еді.

Советтік университеттерде адамдарға қарапайым утилитарлық дағдылар үйретілді. Бұл оларға әр түрлі деңгейдегі өндірістік операцияларды орындауға мүмкіндік берді. Бірақ, еркін әрі жан-жақты ойлауға үйретпеді.

5. «Кеңестік білім дағдарысы тоқсаныншы жылдарда басталды!»

Кейде КСРО-ның фанаттары советтік білімнің құлдырауы Горбачевтің басқаруымен басталған, деп жылайды. Ал кейбіреулері барлық проблемалар тек 1990-шы жылдары басталған дейді. КСРО-ның осындай жанкүйеріне 1970-шы жылдардағы КСРО мектебінің суретін көрсетсең, бұл 1996 жылы «Гайдар бүкіл елді толығымен талқандаған кезде» түсірілген деп ақталған болады.

Шын мәнінде, кеңестік білім беру жүйесінің проблемалары әлдеқайда ертерек басталған еді. 1960-шы жылдары көптеген техникалық пәндер өте нашар оқытылды. Жастар кедей ауылдардан қалаларға қашты. Олар үшін көптеген мектептер ашылды. Бірақ, онда барлық ғылым көбінесе төмен деңгейде оқытылды. Сонымен қатар, кеңестік оқытушылық құрамды жаңартуда да проблемалар болды. Кадрлардың жетіспеушілігі туындады. Жастар жалақысы төмен, машақаты көп мұғалімдік жұмысқа баруға құлықты болмады. Сондықтан да, зейнет жасындағы (70 жастан)мұғалімдер, әсіресе әйелдер мектепте жұмыс істеп жүрді.

Сонымен қатар, шамамен 70-шы жылдардан бастап мұғалімдердің жалақысы төмендей бастады. 1960 жылы мұғалімдердің жалақысы саладағы орташа жалақының 79%-ын құраса, 1985 жылы ол тек 63% болды.

Өздеріңіз көріп отырғандай - «тоқсаныншы жылдардағы мектептердің» проблемалары, кадр жетіспеушілігі, қарт мұғалімдердің көбейуі және болмашы жалақы проблемасы КСРО-да басталды.

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

Abai.kz

86 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616