Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3792 0 пікір 27 Тамыз, 2011 сағат 10:10

Әбдірашит Бәкірұлы. Құдай мен қазақ

(әзілі аралас мифологиялық аңыз)

Олимп тауының күншуақты жайлауын құдайлардың құдайы - құдыретті Зевс жайлап жатыр. Зевс құдайдың қасында жүргендердің бәрі де құдайлар: мейлі кішігірім болсын, бәрібір - құдайлар!

Зевсті жалғызсыратып, жабықтыруға бола ма - сондықтан, кішігірім құдайлар оны бір сәт тастамайды. Үйіріліп маңайында жүргенді тәуір көреді. Олардың арасында Зевстің жары Гера, алтын шашты-бұйра басты Аполлон мен оның қарындасы Артемида, саф алтыннан құйылғандай Афродита, Зевстің қайсар қызы Афина және де өзге ірілі-уақты құдайлар, күн демей - түн демей, Зевстің даңқын бар әлемге паш ететін думандар көркін қыздырған үстіне қыздыра түсуде...

Олар мекендеген тау басындағы құтты жерде - мәңгі жаз. Мұнда өтіп жататын думан-тойларға пенде баласына жол жоқ, тіптен, оларға бұл жерге аяқ басуға - тиым.

Қыс пен жаздың алмасуы, қапырық пен ызғырықтың күйдіріп-тоңдыруы - сонау төменде, бұлттардың астында. Ол жақта адамдардың мардымсыз қуанышы бар, аңыраған қайғысы бар. Өздеріне ғана белгілі тынымсыз, татымайтын тіршілігі бар...

Бәрі де Зевстің қалауымен жүріп жатады. Сондықтан кіші құдайлар олар үшін бастарын ауыртпақ емес. Олай етіп қажеті қанша? Себебі, олардың одан өзге маңыздырақ шаруасы бар ғой! Олар Бас құдай Зевстің қас-қабағын бақылағанды тәуір көреді...

Сонымен бірге, шырыны мен дәмі мол дастарханнан ортан қолдай орын алу да - оларды күндіз-түні  ойландыратын, өздігінен бола қалатын оңай іс емес!

...Құдайлар тойлап жатыр. Ортада алтын тақ. Онда мызғымас Зевс жайласқан. ...Міне, айнала жап-жарық болып кетті. Бәрі орындарынан көтерілді - залға Гера кірді. Ол кербез басып, таққа келді де, жан-жары Зевстің қасына отырды. Жанында желдеткішін бұлғап кемпірқосақ патшайымы Ирида жүр. Қызы Геба мен «күйеу баласы» Ганимед те -тыным таппай  шырын тасуда...

...Осындай тойларда ғана - Зевс бас болып, өзге құдайлар қош болып - сонау төменде құмырсқадай жыбырлап жатқан пенделер мен әлемдердің  шаруасын шешіледі. Думан барысында Зевс құдай Олимптің заңғар биігінен адамдарға өзінің марапаты мен жазасын жібереді.

Құдайлар Сарайы алдында үлкен-үлкен екі тайқазан тұр.  Бірінде - көл-көсір жақсылық сыйы, екіншісінде - аяусыз жазалау «сыйы». Егер Зевс құдай көңілі жадырап отырса, онда анау төмендегі тіршілік етіп жатқан пенделердің арасынан талай адам  теңдессіз бақытқа кенелмек...

Өкінішке орай, Зевс құдайдың да қабағына кірбің ұялар кезі болады. Одан құдай сақтасын, ондайда жер бетінде Зевс орнатқан тәртіп пен ретті бұзғандардың басына төнген жазаны ешкімге көрсетпесін дерсің! Оның ашуынан ойнаған найзағай бейшараны бір уыс күлге айналдырмақ.

Ол аз болса, оның әмірін жүргізуші Крона атты баласының қабағы қарс түйілгенде - жер сілкініп, қара дауылдан теңіз тасып, арнасынан шығып кете жаздайды. Кейде қаһарға ұшыраған адамдар арасынан Аид патшаның дарбазасын қағып тұрғандарды да көруге болады... Міне, құдайлардың құдыреті осындай!

Бірақ мына қызыққа қараңыз: адамдар да, құдайлар да, тіптен Зевстің өзі де бір нәрсеге бағынады екен: ол -Жазмыш (Мойра)!  «Жазмыштан озмыш жоқ» екендігін құдайлар да, жоғары-төмендегі бүткіл тіршілік иелері - соның ішінде ығайлар мен сығайлар да мойындайды! Жазмыштың (Мойраның) періштелері көп: мысалы, Клотоның есіп отырған жібі үзілсе - дәмнің таусылғаны; Лахесистің тартқан жеребесі - бұйырғаны; Атропостың қойын кітапшасындағы жазулар - маңдайыңа жазылғаны. Ал, әгәрки, жазатайым сенің аулаңа бақыт құдайы Тюхэ (Фортуна) бір түнеп кетсе - бағың ашылғаны...

Мінеки, Құдайлар осылай әлемді реттеумен келеді. Оған пенденің өресі жете ме, жетпей ме - әлі күнге таласты сұрақ болып келеді... Оны ойлай-ойлай талай ғұламаның маңдайы терлеген!

Бірақ, мен де пенде болғандықтан, көңілі қаласа: «Иә, Құдай! Өзің қолдай гөр» - деп жалбарынатын, қаламаса Құдайын алаша қаққандай қағып-сілкіп алатын қазақ болып туылғаныма шүкіршілік етемін...

Қазакеңнен басқа кімдерде осындай «шатақ» мінез бар екен? Содан болар, қазекеңнің осы жағын білетін Жаратушы да оны еш нәрседен кенде қалдырмапты: «Жер» - десе жер беріпті, жердің асты-үстін толтырып байлық беріпті! Бәрінен де кереметі - тау қозғалса да қозғала қоймайтын сабырлы мінезі мен «сөйлегенде сүйекке жеткізетін» салиқалы сөзін беріпті...

...Бірақ қоржынның екі басын теңестіргенде, одан «әрекет» деген нәрсе түсіп қалыпты дейді кейбір білетіндер...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563