Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3084 0 пікір 27 Тамыз, 2011 сағат 09:55

Рахым Айыпұлы. АҚШ Ата заңының қабылдануы хақындағы ойлар (жалғасы)

Тәуелсіздік жолындағы соғыс өлсе топырақ салыспайтын оқшауланған отар аймақтардың басын біріктіріп қана қойған жоқ. ІІ-шақырылымдағы құрлықтық конгрес  соғыс қимылдарын ұйымдастырумен бірге Америка Құрама Штатының мемлекет ретінде қалыптасуының ірге тасына айналған аса маңызды құжаттар қабылдады. «Тәуелсіздік декларациясы » отар аймақтарды тәуелсіздік  пен еркіндік жолына бағыттаса, «Конференция баптары» дербес отар аймақтардың бір тудың астына жиналуына негіз қалады. Бірақ, тарихи маңызды құжаттарды қабылдау, отаршылдарға қарсы соғыстың жеңісі мен тәуелсіздік Америкалықтардың барлық мәселесін шешіп тастаған жоқ еді. 1783 жылы 3 қыркүйекте, «Парж бейбітшілік шартына» қол қойылған соң, барлық істі тындырғандай болған дала көкжалдары қаруларын қап түбіне салып, жеңіс жырын айтып, үйлеріне қайтқан болатын. Тіпті, олардың небары бастауыштық сауаты бар бас қолбасшы Джордж Вашигтон да  әскери билігімен қоса, букіл армияны Құрама Штат Парламентіне тапсырып өз қоржасында фермерлік жұмысқа ден қойған болатын. Деседе,  тәуелсіз елдің іргесін бекіту үшін мемлекет құруда мүлде тәжрибесіз Америкалықтарға әлі де біраз тер төгу керек екен. Мұны олар араға төрт жыл салып бірақ түсінді.

Тәуелсіздік жолындағы соғыс өлсе топырақ салыспайтын оқшауланған отар аймақтардың басын біріктіріп қана қойған жоқ. ІІ-шақырылымдағы құрлықтық конгрес  соғыс қимылдарын ұйымдастырумен бірге Америка Құрама Штатының мемлекет ретінде қалыптасуының ірге тасына айналған аса маңызды құжаттар қабылдады. «Тәуелсіздік декларациясы » отар аймақтарды тәуелсіздік  пен еркіндік жолына бағыттаса, «Конференция баптары» дербес отар аймақтардың бір тудың астына жиналуына негіз қалады. Бірақ, тарихи маңызды құжаттарды қабылдау, отаршылдарға қарсы соғыстың жеңісі мен тәуелсіздік Америкалықтардың барлық мәселесін шешіп тастаған жоқ еді. 1783 жылы 3 қыркүйекте, «Парж бейбітшілік шартына» қол қойылған соң, барлық істі тындырғандай болған дала көкжалдары қаруларын қап түбіне салып, жеңіс жырын айтып, үйлеріне қайтқан болатын. Тіпті, олардың небары бастауыштық сауаты бар бас қолбасшы Джордж Вашигтон да  әскери билігімен қоса, букіл армияны Құрама Штат Парламентіне тапсырып өз қоржасында фермерлік жұмысқа ден қойған болатын. Деседе,  тәуелсіз елдің іргесін бекіту үшін мемлекет құруда мүлде тәжрибесіз Америкалықтарға әлі де біраз тер төгу керек екен. Мұны олар араға төрт жыл салып бірақ түсінді. Осы төрт жылда «Тәуелсіздік декларациясында» айтылған арман-мұраттарға 1781 жылғы соғыс жүріп жатқанда бір қайнауы ішінде қабылданған «Конференция баптарында» белгіленген ережелермен қол жеткізудің мүмкін болмайтындығын қоғамның саналы бөлігі айқын түсінді. Тәуелсіздіктен соңғы төрт жылда қордаланған мәселелер шынында шаш етектен еді. Жалпылама мемлекет Америка Құрама Штаты деп аталғанымен онда мемлекет басшысы, Үкімет жетекшісі деген атымен болған жоқ. Орталық үкіметке тиесілі сыртқа соғыс жариялау, сыртқы саясатпен айналысу, сауда-саттықты реттеу, тәртіптерді белгілеу, салық жинау, ақша шығару осының бәрі бір палаталы Парламенттің құзырына жүктелді. Ал заң шығарушы және атқарушы билікті өз қолына алған Парламенттің билігі де мардымсыз еді. Мысалы, теңіз армиясын жасақтап, әскер қатарына шақыру, штаттар арасындағы дау-дамайға төрелік айту үшін кемінде штаттың мақұлдауын алу керек болатын. Бұл өз кезегінде сыртқы жаулар мен ішкі бүліншіліктерге қарсы тұруға да дәрменсіздік ететіні айдан анық еді. Жағаға жармасқан сан сұрақтар онысыз да басы бірікпейтін берекесіз штаттарды бүліншіліктің, азамат соғысының, үкіметсіздіктің құйғанына батырып, шаңырағын ортасына түсіруге шақ қалған болатын.

Осы жолғы тарихи бас қосудың қанша қиын болғанына қарамастан, кеңеске жиналған делагаттардың едәуір бөлігі білімді де тәжрибелі көрнекті мемлекетшіл тұлғалар болды. Олар пікір алуандығына қарамастан АҚШ-тағдырын дағдарыстан шығару үшін қуатты орталық билік жүйесін құру арқылы 13 жартылай тәуелсіз штаттар билігі мен орталық биліктің өзара қатынасын үйлесімді шешу керек екендігін айқын түсінді.

Күлтөбенің басында күн де кеңес дегендей Филаделфияның аптап ыстығында бүкіл жаз бойы жұмыс істеген кеңес мүшелері түрлі жобаларды 569 рет екшеп-талдап, дауысқа салу арқылы тұтас әлемге үлгі болған адамзаттың тұңғыш демократиялық конституциясы - АҚШ конституциясын өмірге әкелді. Енді осы 569 рет айтыс-тартысқа негіз болған өзекті мәселелерге талдау жасап көрелік.

Айтыс-тартысқа бірінші кезекте себепші болған Парламенттегі халық саны түрліше штаттардың яғни үлкен және кіші штаттар мүддесінің әділетті шешілуі болды. Осы негізде қос палаталы парламент жүйесі талдап алынып, төменгі палата өкілдер Палатасы штаттардың халық санына байланысты, ал жоғары палата Сенатта- әрбір штаттан өкілдер санын бірдей сайлау ұсынылды. Екінші кезекте атқарушы биліктің өкілеттілігі және оны сайлау мәселесі тұрды. Атқарушы билікке өкілеттіктер беру және оны тежеу мәселесі мемлекеттің іргесін қалаушылар үшін ең өзкеті де қиын мәселеге айналды. Бұл жерде мына бір ұғымның басын аша кету керек. 1787 жылғы Филадефия мәжілісінен бұрын Америкада президент деген болған емес. Әлемде де ондай мемлекеттік лауазым жоқ болатын. Ағылшын тіліндегі оның әуелгі мағынасы да басқарушы, жетекші дегендей ғана. Ол ешқашан патша емес. Тек Құрама Штаттардың билік жүйесіндегі атқарушы биліктің жетекшісі ғана. Біздің қазақи ұғымға салсақ, ол отбасындағы ата-ененің қолындағы келін сияқты. Келін босағаны аттаған соң осы үйдің дастарқан мәзірін өз қолына алып, ас-суын дайындаумен айналсады-ғой. Сонда ата-ене болған адам осы үйдің тіске басар жылы-жұмсағы сақталатын кебеженің кілтін берерде келінге сын көзбен қарауы абден заңды құбылыс. Себебі, келін текті  жердің қызы болып, ата-енесіне жатып жастық, иіліп төсек болса, отбасының шаруасын дөңгелетіп әкететін, берекелі, қайырымды жан болып кезіксе нұр үстіне нұр. Ал шыққан жері тексіз сырты жылтырақ, ішінде ит өліп жататын, аяр, безбүйрек, қайырымсыз және мінезі шайпау біреу болса, оның үстіне отбасындағы ата-енесінен тартып момын, аңқау, кешірімді жандар болса, көргенсіз келін ата-енесін аяғымен көрсетіп , өз білгенінше билеп түстеп, жақтырмағандарын шөміштен қағып, жылы-жұмсақты ұрдап-жырдап төркініне тасып, жат пен жақынды парықтамай, орынсыз сауық-сайран құрып, мал шашып ең соңында барған жерін тақырға отырғызып тынуы да мүмкін. Шынында, кеңес мүшелерінің алаңдауына  ішкі-сыртқы жағдайлар жетіп артылады. Кеңесте делагаттар өз елінің болашағы үшін асқан жауапкершілікпен бүкпесіз, еркін, талас-тартыстар негізінде жұмыс істегенімен, тұтас Құрама Штаттар жағдайында демократия әлі де балаң күйде еді. Ең бастысы халық қараңғы жағдайда  болатын. Ол кезде әлемде диктаторлық дара билік жүйесі үкім сүріп тұрғанда, олар өзі сайлаған атқарушы билік иесін хан-патшаға балап (марқұм Роза Бағыланова апайымыздың ақ патшам деп аузынан тастамайтыны сияқты) , қолдан диктатор жасап алуы абден мүмкін еді. Кеңес мүшелерінің ішіндегі ең жасы үлкен , ұлы ғұлама Бенджамин Франклин де: "бірінші тізгін ұстар адамның мінсіз жан боларына шүбәм жоқ. Қалғанын бір құдай білсін" деп кеңес мүшелерін бұл мәселеде аса ыждағатты болуға шақырған болатын. Сонда Франклин меңзеген мінсіз адам Вашингтон екендігін кеңес мүшелері іштей мақұлдап, бірде-бірі қарсылық білдірген жоқ. Ол кезде кеңес мүшелері оның жеке басындағы асыл қасиеттеріне ғана сеніп қалған жоқ. Екінші бір қырынан оның өз кіндігінен тараған ұрпағының жоқтығы да мемлекетті өзімен бірге отбасының билеп-төстеуіне мүмкіндік бермейді деп сенді. Бірақ, ел тізгінін ұстайтын адамның бәрі Вашингтондай  мінсіз, ұрпақсыз болмауы мүмкін ғой. Егер ағат басып, бүкіл билікті сайланбалы диктатордың қолына беріп жіберсе, одан халық өз билігін қайтарып алу үшін тағы бір төңкеріске, тіпті, қан төгуге баруы әбден мүмкін. Құрама штаттар халқы онсыз да дара билеуші Ағылшын корольына қарсы сегіз жыл қан кешіп бостандыққа жетті ғой. Қоғам ендігәрі өз тағдырымен тажірибе жасауға келіспейді. Сондықтан да мәселені түбірінен шешіп алу керек. Құрама штаттар халқының дана перезенттері осы мәселені айқын түсінді және асқан жауапкершілік пен көрегендік таныта білді. Әрине, ол үшін  бұрын ешкім президент сайлап көрмегендіктен, дайын тұрған тәжрибе де жоқ еді. Сондықтан олар түрліше жобалар ұсынып, алуан түрлі күдік -күмандарын қарша боратып жатты.  Ең алдымен әкімшілік басқарушы, яғни  президент бір адам болама, жоқ  бірнеше адам болып кеңесіп басқарма деген мәселе қаралды. Кеңесе келе бір адам болғаны жөн деген тоқтамға келген соң, ол қанша жылға, қанша кезекке сайлана алады деген мәселе көп талас тудырды. Біреулер 7 жылға бір мәрте сайлайық десе, біреулер 11 жылға сайлайық деді. Ал 15 жылға бір мәрте сайлайық деушілер табылғанда делагаттардың көбі өре түрегелді. Массачусетстен сайланған делагат Руфус Кинг  тіпті, ашудан жарылардай болып: «Оданша жирма жылға бірақ сайлайық. 15 жыл дегенде бір диктатор билік құратын мезгілдің жарымы ғой. Ақыры біз ұзық мерзімге диктатор сайлауға жиналған болсақ» деп 15 жылдың адам түзгісіз ұзақ мерзім екендігін айтып, бұл ұсынысты қатты сынға алды. Әрине, президенттің билік құру уақытын ылайықты мерзімге шектеудің маңыздылығын ешкім жоққа шығара алмайды. Мәселе ол қалай сайланады және оның билігін қалай тежеуге болады? Биліктің үш бұтағының өзара қатынасын қалай реттеу керек? Міне осы мәселелер бәрінен маңызды еді. Сондықтан билік тармақтарының қанша мерзімге сайланатындығын уақытша қоя тұрып, сөзді қалай сайлау жүргізу керек деген мәселеге бұрды. Сенат пен Өкілдер Палатасының қалай сайланатындығы палендей талас тудырған жоқ. Ал атқарушы билік пен сот жүйесін қалай жасақтау керек? Деген мәселеге келгенде талас-тартыс шырқау шегіне жетті. Ең бірінші кезекте президентті Парламент сайласын және ол бір кезектен артық сайланбасын деген ұсыныс үстем орынға шықты. Бұл ұсынысқа АҚШ  Конститутциясының  әкесі атанған Виргиниялық Джеймс Мэдисон, Пенсильваниялдық Джеймс Уилсон қатарлы аса беделді делагаттар үзілді-кесілді қарсылық танытты. Олардың уәжі бойынша егер президентті парламент сайласа, онда ол парламенттің қол баласына айналып, онсыз аттап баса алмайтын болады. Егер президент олардың айтқанына көніп, айдағанына жүрмесе, олар оған: "Сен қалай президент болғаныңды ұмытып қалма, біз сені қалай таққа отырғызсақ, солай кетіріп тынамыз" деп қорқытып-үркітуі әбден мүмкін  деп шыр-пыр болған еді.

Мақаланың басын мына жерден оқи аласыз: http://old.abai.kz/content/rakhym-aiypyly-aksh-ata-zanynyn-kabyldanuy-khakyndagy-oilar-basy

Жалғасы бар

«Абай-ақпарат»

0 пікір