Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3596 0 пікір 26 Тамыз, 2011 сағат 15:31

Нұра Матай. Қазақ зиялылары: Үндеу халыққа арналуы керек

Мәдениет министрлігінің «Тіл туралы» заң жобасының төңірегіндегі дау-дамай толастар емес. Ең әуелі елдегі орыс қауымы, ұйымдары жобаға басынан бақайшығына дейін қарсы екендіктерін екілене айтысты. Тіпті, қызды-қыздымен Максим Акимов деген Ресейлік әлеуметтанушы «Қазақстанның түп иесі  бағзы заманнан бері көшіп-қонып жүрген қазақтар емес, осы жерге ауылдар мен қалалар салып, «өркениетті» әкелген орыстар» деген мағынадағы заңға томпақ, татулыққа тастақ аса ауыр сөз айтты. (http://old.abai.kz/content/orystar-oyanyndar). Оның алдында заң жобасы еріккеннің ерінбесе екіленіп, сөз көкпарына салатын дүниесіне айналып жатқанда ұлттық ұйымдар қайда қарап отыр деген алаң көңілмен (http://old.abai.kz/content/memlekettik-til-meselesi-ylttyk-yiymdar-nege-nsiz) алаңға сөз айтқанбыз.

Ақыры, ұлттық қозғалыстар мен ұйымдар, зиялылардың да төбесін көрдік.

«Жалын» журналының редакциясында зиялы қауым, ұйымдар мен қозғалыстардың жетекшілері (суретте) бас қосып, тебініп шыққандар тілім-тілім еткен заң жобасына  - қасарысқан қарсылыққа қалай тойтарыс береміз деп жиналыпты.

Сөз де, пікір де, ой да көл-көсір болды. Тыныш келіп, тырс етпей үнсіз қайтқандар да кездесті.

Сөйтіп, дөңгелене отырысқан жұрт қазақ тіліне қарсы шығып, қанын ішіне тартып, қазаққа қарайып отырғандарға қатысты үндеудің алдын-ала дайындалған нұсқасын талқыға салысты. Әрі ұлттық ұйымдар мен зиялылар бірлесіп дайындап жатқан «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасына байланысты да мәлімдемені жария етудің жай-жапсарын ақылдасты.

Жанұзақ Әкім (суретте) тіл мәселесін көтерудің ауқымын кеңейтіп, аймақтарды да қамтып, өңір баспасөзін кеңінен пайдалану қажеттігін айта келіп, ұйымдар мен зиялылардың бір істі аяғына дейін жеткізуде бірлігі кемшін екенін соның кесірінен кейінгі жылдардағы кездесулер тек қана үндеуге қол қоюмен ғана шектеліп келе жатқанын сөз етті.

Үндеуде президенттің қазақ тіліне қатысты айтқан кейбір ойларын ашып көрсету керек екенін Ғаббас Қабышұлы (суретте) айтып еді, Мереке Құлкенов, (суретте) президентке заң бойынша қарсы шыға алмаймыз. Сондықтан мемлекеттік тіл мәселесін күрделендіріп отырған лауазымды шенеуніктерді тізбелеп көрсетсек деді.

Сөйтіп, әңгіме биліктің әрекетін мәлімдемеге қалай қосу турасында жалғасып кетіп, біраз жерге барғанда ақын Темірхан Медетбек (суретте): «үндеуді халыққа арнайық. Қазақ тілінің жағдайы - халықтың мәселесі. Артымызда қалың ел барын білсін» деді.

Ақыр аяғы мәлімдемеге өзгерістер енгізіліп, Үкімет дайындаған «Тіл туралы» заң жобасы мен ұлттық ұйымдар һәм зиялылар даярлап жатқан «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасына қатысты үндеу алдағы аптада жұртқа жария етілетін болып келісіп, жиын тарқады.

Айтпақшы, өткен жылы қыркүйектің 22-сі күні өткен «Мемлекеттік тілді қолдау» жиынының (суретте) (http://old.abai.kz/content/nyra-matai-bayagy-aktsiya-sol-aktsiya) сәтсіздігі туралы да сөз болып, «биылғы өтетін шарада былтырғы қателікті қайталамаймыз керісінше, керемет қып өткіземіз» десті ақын-жазушылар мен ұлттық ұйымдардың өкілдері.Тірі болсақ, оны да көрерміз...

...

«Абай-ақпарат»

0 пікір