Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3834 1 пікір 9 Желтоқсан, 2019 сағат 10:43

Парижде Зеленский мен Путин кездеседі

Парижде 9 желтоқсанда Донбасстағы жағдайды реттеуге байланысты "норманд форматы" бойынша кездесу өтеді.

Украина, Германия, Франция және Ресей лидерлері соңғы үш жылда бірінші рет келіссөз үстеліне отырады.

Саммит алдында 8 желтоқсанда Киев орталығында наразылық акциясы өтті. AFP агенттігі мәліметінше, оған бес мыңға жуық адам қатысқан.

Нарызылық шарасына Жоғарғы раданың оппозициялық фракция өкілдері – "Еуропалық ниеттестік", "Батькивщина", "Дауыс", "Азаттық" партиясы өкілдері қатысты. Олар ел президенті Владимир Зеленский бұл кездесуге қатыспауы керек еді дейді.

Наразылық шарасын өткізушілердің басты талабы – мемлекет тұтастығын сақтау, Донбасстан Ресей әскерін шығармайынша сайлау өткізубеу және Қырым мәртебесіне қатысты келіссөздерден бас тарту, сонымен бірге Ресейді халықаралық сотқа беру.

Abai.kz

1 пікір