Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Әдебиет 9905 14 пікір 6 Желтоқсан, 2019 сағат 12:15

Омар Хайям: «Ғұмырым өтті, бұзып тиым салғанды»

(Рубаяттар)

Кәрілігім  менің толы  күнәға,

Маған  кешірім жоқ!  Осы мені аяп керек пе?!

Мен есуаспын,  құдайдың тілін алмаған,

Ғұмырым өтті, бұзып  тиым салғанды.

******

Жаратқан ием,  қайғыдан мен қажыдым,

Түк  шықпайтын  жұбанышқа толы  үміттен.

 Жаратушы  болсаң, сыйлашы  маған басқа өмір, 

Мүмкін  ол жақсырақ  шығар мынадан. 

******

Біз қуыршақпыз,  тағдырымыз оның қолында,

Бұл  сөзімнің   растығында күмән бар ма?!

Біраз аунатып, ойнатып, өткен соң әркім  мерзімі,

Сандығының  түбіне тығады да тастайды. 

 

Ішімдегі сырымды айттым  саған жасырып:

Адамның  қайғысына   миы оның жетпейді,

Құдай  бәрімізді  қасырет балшықтан илеп жасаған :

Бір  түнектен шығып,  екінші түнекте жоғалсын деп! 

******

Күнәсіз келіп  – күнәға батып  жүреміз,  

Күліп  келіп –   қайғы жеп өмір кешеміз.

Күйдіріп  жүрек, көзден  жасты төгеміз,

Күлде  аунап, өмірді босқа  жағамыз.

******

Махаббат та,  жауыздық та -

Адамға туа біткен, бірі қалмай.

Жақсы да, жаман да боларсың,

Жаратса  Құдай солай адамды.   

******

Айтар сөзім: Құдай өзі беріп, өзі алады, 

Неге солай,  құпия   болып қалады.

Дәм – тұзымды,  ішкенімді көзбен өлшеп,

Түбінде толтырып  құймай тынады.                             

******

 Бұл дүние шыр- шыр  ұшқан көп торғай,

 Алыстан естіледі   айқайлаған жанайқай. 

 Бұл дүниенің  есігі жоқ – дөңгелек тор,

 Қамалып  мен де отырмын бір  торғай. 

******

Жүрегім менің, іздеме босқа сен  - ізгілік,

Өтірік күшті,  іздеме босқа сен -  шындық,

Жалғанға  қарсы ешкімде ем тапқан жоқ.

Дұрысы  көнген, іздеме босқа дәрі  жоқ.

******

 Молаға сүйегімді менің көміңдер,

 Құтқармас енді  сөз бен ешкім көз жасы,

 Сәл күтіңдер топырақ болып кеткенше,

 Содан кейін құмыра  жасап қойыңдар.

******

 Жүз жыл  күл болып, отта  бықсыйын,

 Қорықпаймын  түсіме кірген тозақтан.

 Қорқамын мен қайырымы  жоқтардан,

 Өлген артық олармен дүние сүргенше.                                             

 ******                                   

 Естімен түссем  жұмаққа,

 Тозақта күнімді көріп кетермін,

 Құдайым  сақта қайғыдан, 

 Ақымақпен түсірме   жұмаққа.

******

Бесікте – сәби,  табытта – сүйек,

Біле  білсең: тағдыр  міне осындай. 

Түбінде қалдырмай жұт, сұрама сен:

Қожасы  құлына құпиясын ашпайды.

******

 Адамға жақын жүр,  жәйлі бол!

 Жарала ма ақылыңмен сен оны, 

 Сенде батыл бол! Тағдырыңмен арпалыс.

 Сертіңді бер, жәбірле ме адамды!

******

Жақсылармен  жақын жүр – сөзіңді біл,

Жамандардан  аулақ ұста –  жөніңді біл,

Арамза  емін берсе  – төгіп таста,

Адал у құйса – төкпей ұртта.

******

Құдайым - ау, әйелге  керемет анар кеуде бердің, 

Сұлу ерін  бердің, ал қызыл шәрбәт шырындай, 

Осыдан кейін   бұйырасың бұрылма  деп оларға,

Суға сүңгіп, былғанба  маған дейсің бе?! 

******

Досың  аз болсын, шұбыртпа көп,

Есте сақта: алыстағы дос жақын.

Қасыңдағы  жақын досың,

Бір күні  қасың болып шығады.   

******

Жақсылар   қадырын біліп,  құрметтейді өздерін, 

Қиындықта  жаныңнан табылады  жан ұрып,  

Жақсы  көретін  өзіңді -  көргің келсе  айнадан,   

Күншіл болма  - күнің шығар  жарқырап!

 ******

Өмір кейде  безбүйрек,

Дегенмен  ол ғанибет, 

Қара нан жеген  еш емес,

Ниетің  қара болмаса! 

******

Сенбе  бөспе айтқан сөзге, 

Олар  ойнақы,  өтірікші келеді.

Адамға сен,  үнсіз тұрып,

Адамға  болса екен деп жүретін.

******

 Әуелден зейін  маған жат болмайтын,

 Дүниенің  жұмбақ сырын  бірге ашқан.

 Сергітіп,   мен де астым  жетпіс жастан,  

 Білгенім түкте  емес, не дейін мен!        

******

Адал  өмір сүр,  қанағат қыл  барына,

Еркін  жүр, жоғалтпай,   сақта арыңды.

Анау  бай екен  деп, қапаланба,  қызғанып,   

Кедейлер  бар сенен де  сорлы санаусыз. 

******

Қатал тағдыр,  өлтіреді, аямайды ешкімді,

Бір күні тәнің өліп, жаның шығып  кетеді. 

Отыр, асықпа, көк  шалғынның үстінде,

Қалар тәнің  шалғын шөптің астында.

******

Білемін: Ұрлық -үстем, қаптап жүрген  ұры.

Ақылды  - қашанда   жемі ақымақтың,

Арсыз -     адалды қорлап күнде  жүреді.

Бақыт -     батқан, өкініш терең  суға .  

******

Көйлегің жыртық болмаса болды,

Күнә емес,  ертеңгі күнді ойласаң! 

Өмір -  қымбат! Қалғаны  бос әуре! 

Әшейін  - байлық  және құрметте!   

   ******

 Жерде  ұзақ жүрдім, гүлге  толы,

 Істерім   өрлемеді тау  биікке,

 Тәубә  өмір, өкіндірген  талай мені,

 Күндерім  жанға жайлы тұратын. 

******

Өмір  қысқа, өтеді де кетеді,

Қызығын көріп, күніңді  күнде бағала, 

Қалай өмір сүрсең, өмірің  солай өтеді,

Өмір туындың, оны бір күн ұмытпа.

Орыс тілінен аударған: Салауат Кәрім 

Abai.kz

14 пікір