Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
4260 26 пікір 5 Желтоқсан, 2019 сағат 13:58

Украина Тоқаевтың сөзінен кейін Қазақстанға демарш жолдайды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырым аннекциясы туралы айтқан пікіріне Украина Сырты істер министрлігі алаңдаушылық танытты.

"БАҚ-тағы Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырымдағы Ресей аннекциясын терістеген пікіріне алаңдаушылық танытамыз.

Украина Қазақстанды әрдайым әріптес әрі дос санаған. Өзара сенім принциптері - Тәуелсіздікті құрметтеу, мемлекеттің егемендігі мен территория тұтастығы, шекараның бүлінбеуі мен тең құқылылық және бір-бірінің ішкі саясатына араласпау, сондай-ақ, Халықаралық құқықтағы жалпы мойындалған нормаларды сақтау бұл - Қазақстан мен Украина арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынастың негізі.

Бұл негіздер сонау 1994 жылы достық әрі әріптестік туралы келісімге қол қою арқылы бекітілген. Содан бері біздің еліміз бұл негіздерге берік болды.

Қазақстан президентінің сөзі жоғарыда келтірген Қазақстан-Украина қарым-қатынастарының принциптеріне ғана емес, Халықаралық деңгейде мойындалған, БҰҰ Бас Ассамблеясы резолюциясында мақұлданған позицияларға қарама-қайшы келеді. 2014 жыл. 27 наурыз. №A/RES/68/262.

Әсіресе, Қазақстан президентінің бұл сөзі ЕҚЫҰ, министрлер кеңесінің қарсаңында айтылғаны өкінішті. Бұл ұйымға екі тарап та мүше. Ал Хельсинки қорытынды актісіне сәйкес, оның негізгі принциптерінің бірі - өзге мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу. Қазақстан жағына демарш жасалады", деп жазылған Украина СІМ ресми сайтында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Германияға сапарының алдында немістің Deutsche Welle агенттігіне сұхбат беріп, Қырым аннекциясы туралы пікір білдірген.

"Біз Қырымдағы жағдайды аннексия деп атамайыз. Қырымға қатысты айтқанда бұл тым ауыр сөз. Болар іс болды”, – деген Президент.

2014 жылы Ресей Федерациясы Украина құрамындағы Қырымды аннекциялаған болатын. 2014 жылдың 16-наурызы Ресей Қырымда референдум өткізіп, оның нәтижесі бойынша Қырым түбегін өз аумағына қосып алған.

Қазақстан ресми түрде Қырымды Ресей аумағының бөлігі деп таныған жоқ.  2014 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадан Қырымның бөлінуі туралы референдумды заңсыз деп танитын қарарды көпшілік дауыcпен қабылдағанда Қазақстан қалыс қалды.

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3510