Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4178 6 пікір 5 Желтоқсан, 2019 сағат 12:15

Ерболат Беделхан жаңа индустрия жасап жатыр

Кайф интервью! Бір деммен қарап шықтым. Ерболат Беделханның ашық сұқбат беруге келіскенінің өзі көп нәрсені білдіреді. Деңгей бәрібір сезіледі, деңгей түбінде көрінеді ғой.

Ерболат: "Мен маркетолог емеспін", - деді. Қазір кез келген бизнесмен белгілі бір деңгейде өз саласының маркетері. Қандай деңгейде маркетингді білетінін жасаған шаруасынан, танымалдылығынан, кейбір көрсеткіштерден байқауға болады. Бизнесте, әсіресе маркетингте кездейсоқ дүние болмайды. Миллиондап қаржы мен қаралым жасап жүрген проект менеджерді маркетолог демеу мүмкін емес. Ерболат - маркетер, музыканың маркетинг маманы! Бір жоба жарды ма, демек, оның артында қажырлы еңбек, зор зерттеу мен әдемі аналитика жатыр. Оның бәрі уақыт пен ақшаға келіп тіреледі. Өз кәсібін сүйген адам ғана ұзақ жылдар бойы кәсіпке адал болады. Orda тобы азшылықтың көңілінен шығып, нарықта жаратын өнім жасай алмаса да, сол топтан жиналған тәжірибе Ninety One деген бірегей проектіні дүниеге алып келді.

Ерболат Беделхан сұқбат барысында маркетинг, психология, лингвистика, интеграция, монетизация жайлы біраз дүние айтты. Мен осы медиа саласының айналасында жүргендіктен, оған қоса 91 тобының шыққалы бері фанаты болғандықтан, продюсер мырзаның әрбір сөзін, ойын, месседжін жақсы түсіндім. Ал Аман Тасыған журналист, өзі түсініп тұрса да, көрерменнің көкейінде жүрген дүниені суырып алмағанша, мыжи береді. Мысалы, массондар туралы 3-4 рет сұрады. Бұрыннан Ninety One тобы мен Ерболатты бақыламайтын адам үшін қызықсыз болып көрінуі мүмкін. Интервью жалпылама емес, соңғы 2-3 жылдағы жаңалықтар төңірегінде өрбиді.

Мен неге Ерболатты сыйлаймын? Себебі ол жаңа индустрия жасап жатыр. Әбден плагиатқа батып, халтура әнмен жеңіл ақша тауып жүрген, тіпті қазақтың қанына сіңіп кеткен той бизнесіне алтернатива ойлап тапты. Соны дамытып, қиын соқпақ жолмен жүр. Алғашқылардан болғаны үшін көптеген психикалық, физикалық шабуылға да төтеп берді. Жаңалыққа әрдайым халық қорқа қарайды. Сескенеді. Егер команда алған бетінен қайтпаса, түбінде жұрт дұрыс қабылдап, мойындауға тура келеді.

Ерболатқа респектен басқа айтарым жоқ! Қазақтан осындай іскер, еңбегіне адал жігіттер шығып жатқанына қуанамын. Тамаша!

Нұрлан Жанайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

 

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1572
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2267
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3568