Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3267 0 пікір 26 Тамыз, 2011 сағат 05:24

Роттердам мэрінің Қазақстанға сапары аясында ол Ақтау теңіз порты мен Қашаған кенішіне барады

Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ - Роттердам мэрі  Ахмед Абуталиб Қазақстанға сапары аясында Ақтау теңіз порты мен «Қашаған» кенішіне барады. ҚР елшісі Майнұра Мырзамедиеваның А. Әбутәліппен Ротрдамдағы кездесуінде осындай деген шешім айтылды, деп ҚР СІМ хабарлады.

Хабарда айтылғандай, «біздің елмен тығыз танысу үшін Ротрдам мэрі Қазақстанға сауда сапартобының жетекшісі ретінде келмек ниеті барлығын аңғартты. Ол топ құрамында әлеуетті инвесторлар мен серіктестер болады деп күтілуде».

«А. Әбутәліп голландиялық «Шел» компания белсенді жұмыс атқарып жатқан «Қашаған» кенішіне барып, Роттердам портымен серіктес ретінде Ақтау портын да көріп қайтпақшы», - делінген ҚР СІМ хабарында.

«Кездесу кезінде әр саладағы екі жақты тиімді ынтымақтастық пен 350 млн тұтынушыға «Еуропа қақпасы» деп танылатын, жылына 430 млн тонна жүк өткізетін Роттердам портын пайдалану мүмкіндігі талқыланды», - делінген хабарда.

Одан басқа, «Нидерландыдағы үлкендігі жағынан екінші қаланың мэрі Қазақстандағы саяси-экономикалық ахуал мен шетелдік инвестицияны қолдау жағдайымен, оның ішінде инвестициялық және салық жеңілдіктерімен танысты».

СІМ хабарында атап көрсетілгендей, Роттердам мэрін келешектегі ынтымақтастық саласы ретінде Қазақстан іске асырып жатқан ҮИИДБ қызықтырды.

Еске салсақ, Нидерланды Қазақстан экономикасына тартылған шетелдік инвестиция көлемі жағынан көшбасында. Олардың Қазақстанға салған инвестиция көлемі $37 млрд-тан асады.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558