Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3629 0 пікір 25 Тамыз, 2011 сағат 11:29

Фариза БАЙЕЛІ. Киноның емес, кинотеатрдың қытығы...

Тура сөз туғаныңа да жақпаса да бүгінгі киноның аты менен затын қоя тұрғанда,  кинотеатрлардың іші мен сыртына, қала берді атауына да тиіскің келіп, тілің қышып тұрады. Неге кинотеатрлардың атаулары шет тілінде болады. Кейбірі ағылшын, ал кейбірін түсінбейсің. Әлде өзге тілде атау қойса көрермендер көп келе ме, жоқ өзінің бір шикі  гәбі бар ма? Осы мәселені басты нысанға алып, кинотеатр табалдырығына  аяқ бастым.  Мен  барған кинотеатр  «Целинный».

Осы кинотеатр директоры Іскендір Сұлтанұлымен тілдескенде:
- Іскендір аға, неге әлі күнге дейін «Целинный»? Өзгертуге жағдай жоқ па?
- Бұл атауды өзгертуге менің алдымдағылар да көп шапқылапты. Бұл тарихи ескерткіш ретіндегі ғимарат екен. Тілді айтпағанның өзінде, кәсіпкер ретінде маған «Целинный» деп сегіз әріпті жазғанша, үш әріпті атау қойып, оның қазақша болғаны маған да жақсы. Егер аз әріп болса, энергия да аз кетуші еді. Ешқандай өзгертуге келмейді.
-Оған кім кінәлі, нақты кім келісім бермей отыр?
-Жоғары жақтағылар.
Дәл осы тұста...
«Ағаның жоғары жақтағылар дегенінің кім екенін шамалай алмадым. Нақты дөп басып айта алмады. Я өзі білмейді.  Қазіргі астанамыздың  «мәңгі ескерткіш Целиноград» болып қалмай, Астана болғанына шын ниетіммен тәубе дедім ішімнен, сол кезде ...»

Жарайды, мен сіздің кинотеатрыңызға кірдім, өзімді бір ауыз орысша білмейтін, қазақ ретінде елестеттім. Кірдім, көрдім, бірақ түк түсінбедім, осы елдің азаматшасы болсам да, өзімді бөтен елде жүргендей, жат сезіндім....
- Қай жерде...?
- Міне, аға: неге репертуарларды , ескертулерді қазақша жазбасқа...
- Әрине, болады.
- Сонда осы уақытқа дейін неге істемедіңіздер?
- Аудармашы болды, бірақ сапасы нашар  болды. Жұмыстан алып тастадық. Бізде база жоқ. Аудармашылар ақсақ.        
- Осының барлығының себебі не деп ойлайсыз?
- «Балық басынан шіриді» деген сөз бар ғой, соны қазір «Аяғынан тазаланады» деп,  яғни төменнен жоғары қарай тазаланады деп айтып жүр.  Мұның барлығы болашақтың еншісінде. Менің үш балам да қазақша оқиды. Үйде бәрібір орысша сөйлейді.  Өткенде «Тачка» деген киноның орысшасы емес қазақшасын көріп,  «Папа, мен ешнәрсе түсінген жоқпын, дұрыс емес аударған» деді. Осының бәріне өзіміз кінәліміз.
- Өзіміздің кінәмізді білеміз, неге бәрін болашаққа арта береміз. Бүгіннен бастамаймыз ба?
- Жарайды, сен келесі келгенше репертуары мен ескертулерін қазақша дайындап қоямыз.
- Аға, уәдеңіз,уәде ғой?!
- Уәде! - осы сөзге риза болып мен шықтым, бір-екі ауыз сөзбен болса да бірдеңені өзгертуге болады екен ғой деп, езуім екі жақта. Баспалдақтан түсіп келе жатып, жанымдағы әкімші Мира Бақытжанқызын сөзге тарттым:
-Әпке, неге осы уақытқа дейін тек орысша жазылып тұрды, тәуелсіздігімізді алғанымызға 20 жыл болды ғой, бір өзгертейін деген ой жоқ болды ма?
-Орыстар көп келеді, қазақтар бәрін түсінеді ғой, ал орыстар түсінбейді,- деді. Жаңағы қуанған түріме төбеме бір шелек мұзды су құя салғандай болды. Сонда біз әлі біреу үшін қызмет ете бермекпіз бе, өзіміз үшін өзіміз қашан қызмет етеміз. Әлгі орыс түсінсін, анау өкпелемесін, мынау жыламасын деп, өзімізді ұмытып қалмасақ болды. Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп өз сақалынан айырылған іспетті, өзімізге, өзіміздің тілге деген қарапайым құрметтен айырылмасақ болғаны. Осылай әрбір кинотеатр бастығымен тілдесіп, ойын өзгертіп, атауы мен репетуарын  қазақшаласақ та теңізге тамған тамшыдай өз үлесі болар деп үміттенеміз.  Басқаға үлгі боларын да қалар едік.  Естір құлақ пенен көрер көз, ең бастысы қазақ деген жүрек болса!!!

www.mtdi.kz

0 пікір