Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3204 0 пікір 25 Тамыз, 2011 сағат 07:44

Алматыда 2 банкоматтан ақша ұрланды

Алматы. 25 тамыз. ҚазТАГ - Сәрсенбіге қараған түні белгісіз біреулер Тимирязев көшесіндегі «Суат» дүкенінде орналасқан екі банкоматтағы ақшаны ұрлап кетті, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

«Сәрсенбі күні таңертең жұмыс орнына келген сауда ғимаратын жалға алушылар кіретін есіктің құлыбы бұзылғанын байқаған. Ал ішіне кіргенде банкоматтардың дәнекерлеу аппаратымен кесіліп, бос жатқанын көрген», - деп мәлім етті бейсенбі күні дереккөз.

Нақтыланбаған мәліметтерге сәйкес, қолма-қол ақша беретін аппараттар «АТФ Банк» пен «Темiрбанкке» тиесілі.

Құқық қорғау органдарының өкілдері банкоматтардан ұрланған ақша көлемін айтқан жоқ.

Олар қылмыс біреудің «нұсқауымен» және алдын ала жоспарланып жасалуы мүмкін дейді.

0 пікір