Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 5010 0 пікір 3 Желтоқсан, 2019 сағат 12:36

Қазақ күйі не себепті "күй" деп аталған?

Құдайберген Жұбанов:

қашаннан бері жұртқа белгілі? Не себепті "күй" деп аталған?

"Күй" деп татардың әнін де, күйін де, қысқасы, барлық музыка шығармаларын атайды. Қазақта күй түрінде айтылған сөз шағатай, ұйғыр тілдерінде, анатоль түрік тілінде "көк" болып айтылуы тиіс. Қазақтың "и" дыбысының бірқатары шағатай тілінде, көне ұйғыр тілінде, түрікмен, өзбек, әзірбайжан, анатоль тілдерінде "қ", "г"-ге айналады. Қазақша байламақ деген сөз оларша бағаламақ болады. Қазақша тимек деген сөз оларша текмек болады. Қазақша би деген сөз оларша бек болады, қазақтың "би, бек" деп екі айырып айтатыны осы түрлі нормадан тұрған. Сондықтан күй деген сөз оларша көк болуы табиғи нәрсе.

Ескі жазба белгілердің ішінде бұл сөз ең әрідегі нұсқалардан Махмуд Қашғаридың "Дивани лұғат" деген ХІ ғасырдан қалған кітабында ұшырайды. Бұл: "Ол көк" деген сөзді мысалға алып, оны "ол ән салып тұр" деп аударды. Соған қарағанда, қазақтың күй деген сөзі ол кезде көк түрінде болып, ән-күй мағынасында қолданылғандығы көрінеді.

P.S. Құдайберген Жұбанов репрессия құрбаны болып, 1938 жылы атылды. Алайда, Құдайбергеннің жұбайы Раушан Жұбанова күйеуінің атылғаны туралы арада 20 жыл өткенде, 1957 жылы бір-ақ естіді.

Құдайберген Жұбанов — әйгілі қазақ музыкасын зерттеуші ғалым, композитор Ахмет Жұбановтың бауыры.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

0 пікір