Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3023 0 пікір 25 Тамыз, 2011 сағат 07:02

Алматыда Ата заңның маңызы талқыланады

Алматы. 25 тамыз. ҚазТАГ -  Алматыда ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған «Қазақстан Республикасының Конституциясы - ел дамуы мен гүлденуінің мықты негізі» деген тақырыптағы дөңгелек үстел отырысында еліміздің Ата заңының маңыздылығы талқыланады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Шараның мақсаты - қоғам санасындағы Конституция күнінің маңызын арттыру, мемлекеттің қолданыстағы құқығының қайнар көзі ретінде қоғамның назарын Ата заңға аудару, қоғамда еліміздің Ата заңын құрметтеу дәстүрін нығайту, өскелең ұрпақты конституциялық құрылымға құрметпен қарау рухында тәрбиелеу.

16 жылдың ішінде Қазақстанда құқықтық мемлекеттің мықты негізі қаланып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бағытында көп жұмыс атқарылды. Бүгінгі күні әлем қоғамдастығы Қазақстанды тұрақты дамып отырған, ұлтаралық және конфессиаралық келісімі бар мемлекет ретінде мойындап отыр.

Ақпаратта атап көрсетілгендей, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2011 жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығының жылы етіп жариялау туралы» жарлығына сәйкес биылғы жылы Конституция күнін мерекелеу ерекше мәнге ие.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, отырысты Алматы әкімі Ахметжан Есімов ашады. Сондай-ақ, шараға ҚР Конституциясының жобасы бойынша сарапшылар кеңесінің мүшесі Майдан Сүлейменов, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов, Ш. Уәлиханов ат. тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов, жастар қатысады.

Шараны Алматы қаласының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610