Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2762 0 пікір 25 Тамыз, 2011 сағат 07:00

Қазақстанда 2005 жылдан бері өрттен зардап шеккен орман алқаптарының аумағы екі есеге азайды

Астана. 25 тамыз. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда соңғы 5 жылда орман өрттерінен зардап шеккен орман алқаптарының аумағы 2 есеге азайды, деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Сақташ Хасенов.

«Орман өрттерінен зардап шеккен орман алқаптарының аумағы соңғы бес жылда 2 есеге, 2005 жылғы 21 мың гектардан былтырғы 11 мың гектарға дейін қысқарды»,- деп мәлім етті С. Хасеновбейсенбі күні ТМД орман өнеркәсібі кешені мен орман шаруашылығы жөніндегі үкіметаралық кеңесінің отырысында.

«Соңғы 5 жылда заңсыз ағаш кесу көлемі 7 есеге, 21 мың текше метрден 3 мыңға дейін азайды», - деді вице-министр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, республикада орманды қалпына келтіру 2001 жылғы 11 мың гектардан 2011 жылы 51 мың гектарға дейін артқан.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қаржыландыруы соңғы бес жылда $27 млн-нан $38 млн-ға дейін бір жарым есеге артты», - деді С. Хасенов.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, ел аумағының 4% ғана орман басқан. Ақорданың ресми сайтындағы ақпарат бойынша, Қазақстанның аумағы 2724,9 мың шаршы шақырымды құрайды.

0 пікір