Жұма, 29 Наурыз 2024
Саңлақ 7779 0 пікір 3 Желтоқсан, 2019 сағат 06:53

Месси алтыншы рет «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алды

Франция астанасы Парижде дәстүрлі «Алтын доп» жүлдесін табыстау рәсімі өтті. Биыл бұл атақты Аргентина құрамасы мен «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси иеленді.

France Football журналы табыстайтын мәртебелі сыйлық иегерін әлемдегі 176 елдің спорт журналистері дауыс беру арқылы анықтады. Ең көп дауысқа ие болған (686) Лео Месси мансабында алтыншы рет бұл жетістік шыңын бағындырып отыр.

Ал осы жүлдеге бұған дейін бес мәрте қол жеткізген португалиялық Криштиану Роналду (476) биыл үшінші сатыға жайғасты. Дауыс беру қорытындысында екінші орынды голландиялық қорғаушы Вирджил Ван Дейк (679) алды.

Айта кетейік, бұл марапат футбол әлемінде соңғы бір жылда толағай табысқа жеткен спортшыға беріледі. Аталған жүлдені 2008-2018 жылдары он жыл бойы Криштиану Роналду мен Лионель Месси ешкімге бермей жүрген. Қос үздік аладоп әлемінің бас бәйгесін бес реттен қол жеткізген.

Алайда былтыр сол үрдісті 33 жастағы хорват Лука Модрич бұзған болатын. Ал биыл Месси «Алтын допқа» алтыншы мәрте қол жеткізіп, Роналдудан озып кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593