Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
46 - сөз 5788 7 пікір 27 Қараша, 2019 сағат 13:14

Жәкішевтің дарынын батыс елдері әлдеқашан мойындап қойған

Осыдан 14-15 жыл бұрын Мұхтар Жәкішевтің АҚШ қа барған сапары кезінде түскен суреті екен. Жәкішев АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтонмен кездескен.

Жәкішевтің мінезін анау бір жылмыңдағанмен салыстыра алмайсыз. Жүзінен өзіне сенімді, жүзі жарық, қолынан іс келетін, еліне еселеп үлес қайтаратын нағыз азаматтың болмысын көресіз. Осындай потенциалы жоғары, қазіргі қазақ өркениетінің көшін бастайтын ұлдың жағдайы аянышты күйде. Бұл азаматтың дарынын батыстың елдері әлдеқашан мойындап қойған.

Жәкішев болмысынан лидер адам. Батыс елдері білім мен іскерліктің адамдарын алақанына салып, басына көтереді. Қазақтың білімді,технократ, заманауи инженер алтын асықтай ұлы 10 жыл бойы түрмеде жатыр. Бұлар кімді түрмеге тығуды біледі.

Менің ішімді ашытатын бір жай бар. Біз осы әлеуметтік желіде "Мұхтар Жәкішевті қорғау комитеті" деп бір парақша аша алмадық. Оған ел болып араша болып, шығара алмадық. Егер де сол Жәкішевтің шынымен ұрлаған миллиардтары болса, өзін арашалау үшін мүлдем басқа жұмыстар жасауы әбден мүмкін еді. Оның миллиардтары болмаған.

Ар мен намысты ұстанып отырған Жәкішев ешкімнен де араша сұрап отырған жоқ. Қасқайып әлі қарсы отыр. Ол қазақ елінің ары мен намысын күзетіп отырғанын біз әлі түсінбей жүрміз. Алтынды расында тот баспайды.

Бекболат Қаржанның әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

7 пікір