Жұма, 29 Наурыз 2024
Ел іші... 9779 19 пікір 22 Қараша, 2019 сағат 14:18

Мырзахметов ескерту алып, Досаев қызметінен кетті...

Таразда жан шошытар жаман жайттың орын алғаны ақпаратта тарады. 12 жасар өрімдей ғана қыз бала мектептің ауладағы дәретханасында зорланды. 7 сыныптың оқушысы екен. Бұл өткен жұмада, Тараздағы №6 мектепте болған жағдай. Ол мектепте қыруар оқушы мен педагогтық құрам бар. Ол мектепте полиция испекциясы бар. Ол мектепте жиырма шақты бейне бақылау камерасы тағы бар.

Айтуға ауыз бармайтын азғындықтан соң ағайын-жұрт шулады, ел дүрлікті. Құзырлы органдар қылмыстық іс қозғап, күдікті ретінде 38 жастағы ер адам ұсталды. Ұсталған адам бұрын ұрлық жасап сотталған екен. Мәселе Ақорданың құлағына жетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше өзінің «Твиттер» желісіндегі парақшасында былай деп жазды:

«Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым».

Президент пәрмен берді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовке ескерту жасады. Тараз қаласының әкімін қызметінен босату туралы айтты. Тараздағы жағдайдан соң, біраз адам қызметтерінен кетті. Олар:

1.Тараз қаласының әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаев. Қызметінен кеше босатылды. Қала әкімінің міндетін уақытша ендігі экс-әкімнің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов атқаратын болды.

2. Жамбыл облысы Білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова өз еркімен қызметінен кетті.

3. Тараздағы №6 мектептің директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және 3 маман қызметінен алынды.

4. Учаскелік инспектор Ішкі істер органдарынан шығарылды.

5. Тараз қалалық жергілікті полиция басқармасының бастығы мен 3 бөлім басшысы қатаң сөгіс алды.

Өкінішке орай, Тараздағы трагедияда бала зорлануының, жалпы адам зорлануының алғашқысы емес. 2019 жылдың 6 айының статистикасы бойынша 647 зорлау фактісі тіркелген екен. Бұл ҚР Бас прокуратурасы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі.

Жоғарыдағы жанды ауыртып, тәнті тітіркендіретін Тараздағы сұмдық қоғам назарын балалардың зорлыққа ұшырауы мен мектеп дәретханаларының жағдайына аудартып отыр.

Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова биыл осы мәселені Парламентте көтеріпті. 2300 мектептің дәретханасы далада орналасқанын айтып дабыл қаққан екен. Ал бұл салаға жауапты министрлік даладағы дәретханалардың шаруасын 2025 жылы толық шешетіндіктерін айтыпты.

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3595