Жұма, 29 Наурыз 2024
3632 4 пікір 21 Қараша, 2019 сағат 10:53

Иранда наразылық кезінде жүзден астам адам қаза тапқан

Иран президенті Хассан Роухани сәрсенбі күні "қастандық ойлаушы жауларды жеңдік" деп мәлімдеді. Елде азық-түлк, жанармайдың қымбаттауына қарсы шыққан халықты полицияның күштеп басуына ел президенті осылай түсініктеме берді.

"Иран халқы тағы бір сынақтан өтіп, жауларына мұндай жағдайды пайдалануға мүмкіндік бермейтінін көрсетті", - деді Роухани. Мемлекеттік БАҚ ұсталғандардың екі азаматтығы, оның ішінде Германия, Түркия азаматтары бар деп мәлімдеді.

Халық көтерілген тұста, елде интернет толық бұғатталды.

Amnesty International құқық қорғау ұйымының мәлімдеуінше, 20 қалада наразылық білдірген халықты басу кезінде кемінде 106 адам қайтыс болып, мыңнан астамы ұсталған. БҰҰ өкілдігі ондаған адам қаза тапты деп хабарлады. Иран билігі бұл санмен келіспейді.

Иранда наразылық шарасы 15 қарашада, бірден бірнеше қалада басталды. Көтерілгендер бензин, жанармай бағасын көтеріп, оны сатуға шектеу қойғанына наразы болды. Билік болса АҚШ санкциясына байланысты елдегі экономикалық дағдарысты тек осылай шеше аламыз дейді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580