Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 6801 7 пікір 20 Қараша, 2019 сағат 14:40

Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді...

Бір сәті түскенде бұрынғы Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы департаментінің бастығымен сұхбаттасқаным ойыма оралып отыр. Байыпты да байсалды азамат еді. Әңгіме барысында:

-Бірде қарамағымдағы бір жас офицердің өзі тексерген кәсіпкерден пара дәметкені жайлы сигнал түсті. Мінезі де, тәртібі де жақсы жігіт еді. Бала-шағасы да бар. «Бұған не болды екен сонша?..» -деген ойға қалып, ішкі қауіпсіздік қызметіндегілерге: «Бақылауға алыңдар. Пара алып жатса, сурет пен видеоға түсіріп алыңдар, бірақ ұстамаңдар. Алған ақшасын неге жұмсайтынын білу үшін соңынан ілесіп, аңдыңдар...» -деп тапсырдым.

Әлгі офицерім кәсіпкерден шамалы мөлшерде пара алыпты да, бірден қаладағы азық-түлік және киім-кешек дүкендеріне соғып, балаларына тағам мен киім сатып алыпты. Содан кейін басқа еш жерге бұрылмай, пәтер жалдап тұрып жатқан үйіне барыпты.

Ертеңіне жұмысқа келісімен оны өз кабинетіме шақырып алдым да неге тура жолдан тайғанын сұрадым. «Жалақымыз мардымсыз ғой, аға...» - деді жыламсырап. «Жарайды, үстіңнен қылмыстық іс қозғатпай-ақ қояйын, өзің өтініш жазып, қызметіңмен қоштас...» -дедім. Әрине, алған парасына ресторан мен саунаға барып, сауық-сайран құрып жүрсе, аямас едім...» -деді ағынан жарылып.

Иә, бүгін де біреу – тойып, біреу тоңып секіріп жүргендігі анық. Сондықтан, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауында Үкіметке мемлекеттік қызметшілер санын біртіндеп, 2024 жылға дейін 25 пайызға қысқарту және одан үнемделген қаржыны неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсау жөнінде берген тапсырмасының жемқорлықпен күрестегі маңызы зор болар деп ойлаймын.

Кәрібай Мұсырманның facebook парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564