Жұма, 29 Наурыз 2024
4513 7 пікір 20 Қараша, 2019 сағат 10:37

The Times "Беларусь аруы-2018" иегерінің Лукашенкомен байланысы туралы жазды

22 жастағы Мария Василевич Беларусь парламенті төменгі палатасының ең жас депутаты атанды. The Times басылымының мәліметі бойынша, "Беларусь аруы" атанған қыз ел президенті Александр Лукашенкомен "романтикалық байланыс" орнатқан екен.

Өткен жылы мамыр айында Мария сұлулық байқауында жеңіске жеткен соң, ол 65 жастағы Лукашенкомен көпшілік алдына жиі шығып жүр. Олар мемлекеттік фестивальге, хоккей матчтарына, Ресейде 2018 жылы өткен футболдан Әлем чемпионатына бірге барды. The Times басылымының хабарлауынша, Лукашенко Василевичті мәдениет пен қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін мемлекеттік медальмен марапаттаған. Бұған қоса, президент оның "Әлем аруы-2018" байқауына дайындалуға көмектесті. Мария бұл байқауда үшінші орын алды.

Депутат атанған Мария Василевичтің саясатта тәжірибесі жоқ екенін басылым атап өткен. Парламентте ол жастар мәселесіне көңіл бөлуді көздейді.​

Жексенбі күні өткен парламент сайлауында оппозициядан бірде-бір үміткер төменгі палатаға өте алмады. Сыншылар сайлауды алаяқтыққа теңеді деп жазды​ The Times.

Александр Лукашенко Беларусьті 25 жыл бойы басқарып келеді. Лукашенко 1975 жылы үйленген, бірақ президент болғалы бері ол әйелімен бірге көпшілік алдына шыққан емес.деп жазды The Times.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596