Сейсенбі, 10 Желтоқсан 2019
46 - сөз 1757 5 пікір 19 Қараша, 2019 сағат 12:37

Біз өзгерісті күтеміз

Соңғы кездері Қазақстаннан мамандардың көшіп кетуі тым көбейіп кетті. Мен мұны таныстарымнан да, өзім инвестиция салған кәсіпорындардан да қатты байқап жүрмін.

Ең басты себептері - саяси тұрақсыздық, белгісіздік, болашақ пен перспективаның жоқтығы. Көшіп кетіп жатқандардың ешқайсысы Қазақстанның демократиялық болашағына сенбейді. Бұл факторларға жиіркенішті медицинаны, білім беру саласы мен жайлаған жемқорлықты қосыңыз.

Не айтуға болады?
Бұл туралы Виктор Цой баяғыда-ақ жырлап қойған:

Перемен,
требуют наши сердца!
Перемен,
требуют наши глаза!
В нашем смехе и в наших слезах и в пульсации вен.
Перемен,
мы ждём перемен!

Әйтпесе, құримыз!

P.S. Соңғы кететiн адам! Кетер кезде әуежайдың шамын сөндiрiп кетудi ұмытпаңыз!

Марғұлан Сейсембайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір