Сенбі, 20 Сәуір 2024
Білгенге маржан 7846 0 пікір 19 Қараша, 2019 сағат 10:46

Суық тиюдің 84%-ында өткір бронхит болуы мүмкін

Өлім-жітімі жоғары инфекциялық емес аурулар туралы әңгіме қозғалғанда, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар жайлы жиі айтылады. Алайда, біздің елімізде айтыла бермейтін тағы бір ауру бар. Бұл өкпенің созылмалы обструктивті ауруы немесе СОӨА туралы.

20 қараша - осы дертпен дүниежүзілік күрес күні. Осы күн қарсаңында жоғары санатты дәрігер-пульмонолог, аймақтық диагностикалық орталықтың пульмонолог-консультанты, Алматы қаласының «пульмонологтар қоғамы» ҚБ төрағасы Ералиев Саттар Молыбекұлы қазақстандықтардың тыныс алу жүйесінің аурулары туралы, өкпе ауруларының дамуына қауіп төндіретін қандай факторлар бар және пульманолог-дәрігеріне қашан бару керектігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

- Саттар Молыбекұлы, тыныс алу жүйесі ауруларының пайда болу себебі қандай факторларға байланысты, сондай-ақ олар біздің ағзамызға қандай жағымсыз салдар әкеледі?

- Тыныс алу органдары ауруларының дамуына әсер ететін факторлар туралы айта отырып, жіті және созылмалы «өкпе патологиясы» бар екенін нақтылау қажет.

СОӨА туралы айтқанда, ең алдымен, бұл темекі шегу қатері. Дегенмен, шылым шегушілердің барлығы СОӨА ауыруына шалдықпайтынын да атап өту керек. Біз темекі шегушілердің бұл ауруға шалдығып екінші біреуі неліктен ауырмайтынын түсіндіре алмаймыз. Алайда, кез келген темекі шегуші қауіп-қатер тобында. Ал СОӨА ауруының 70%-ға жуығы темекі шегумен байланысты. СОӨА науқастарының қалған 30%-ында басқа да поллютанттар, қоршаған ортаны ластайтын заттар, мысалы, «үй» поллютанттары, олардың бірі үйді жылыту кезінде тас көмірмен бөлінетін элементтер болып табылады.

Адам ағзасына теріс әсердің жылдам өсуі «сыртқы» поллютанттардың - қоршаған ортаның зақымдаушы факторларының арасында да байқалады. Әсіресе, дем алып жатқанымыздың барлығы бірінші кезекте тыныс алу органдарына - біздің өкпемізге түсу фактісі. Әрине, тыныс алу жолдарының қорғаныш механизмдері де бар, бірақ олар атмосфераға шығарылатын агрессивті заттардың, бірінші кезекте, индустриялық орталықтар мен ірі мегаполистердің жаппай әсер етуі кезінде тез таусылады.

Басқа пульмонологиялық патологиямен ауыратындардың саны да өсуде. Мәселен, бронх демікпесі. Бұл аурудың таралуында қоршаған ортаның белсенді ластануы (демікпе триггерлері), синтетикалық материалдарды, мысалы, құрылыс және тұрмыстық химия өнімдерін жиі пайдалану жағымсыз рөл атқарады.

- Дегенмен, себеп неде: экологияда ма әлде өмір сүру салтында ма? Біз Алматы қаласындағы экологиялық жағдай нашар екенін білеміз. Мегаполисте халықтың қанша пайызы тыныс алу жүйесі ауруларымен ауырады?

- Алматы - Қазақстанның ең ластанған аймақтарының бірі. Алматы өзінің бірегей географиялық шұңқырында орналасуына байланысты, ластануы «статикалық сипатқа» ие. Қала ауасы қаншалықты ластанған? Тіпті қалалық билікке адал Қазгидрометтің өзі де ауадағы азот диоксидінің және басқа да зиянды заттардың құрамы туралы қорқынышты сандарды жариялап отыр.

Біздің пульмонологиялық қоғам жақында тыныс алу органдарының созылмалы ауруларына арналған конференция өткізді. ҚазҰУ профессоры Винников Д. В. өз сөзінде қаламыздың ауа сапасы бойынша тәуелсіз зерттеу мәліметтерін келтірді. Оның мәліметтеріне сәйкес, жылдың жылы кезеңінде 17 күн зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының 9%-ға, суық кезеңде бұл 155 күнде 85%-ға артуы байқалды. Бұл 2,5 микрон диаметрі бар заттар. Олар тыныс алу жолдарына терең еніп, оларды зақымдайды. Алматының атмосферасын біздің қалалық биліктің айтуынша, автокөліктер емес, көмірмен жұмыс істейтін ТЭЦ-тер және өз үйлерін жылыту үшін көмірді пайдаланатын жеке үйлердің тұрғындары ластайды. Өкінішке орай, тыныс алу органдарының ауруларынан (БОД) зардап шегетіндердің саны бойынша Қазақстанда сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіші ДДҰ-дың Еуропалық аймағындағы ең жоғары көрсеткіш болып тұр.

- Алматы қаласынан басқа, Қазақстанның қай өңірлерінің тұрғындары экологиялық жағдайдың нашарлығына байланысты өкпе ауруларына ұшырайды?

- Бірінші кезекте бұл Өскемен, Теміртау, Қарағанды және Павлодар сияқты ірі индустриялық орталықтар. Өкінішке орай, бұл әлемдік тренд. Қытай мен Үндістан сияқты ірі елдердегі жылдам экономикалық өсім қоршаған  ортаның қатты ластануымен бірге жүреді. 2008 жылғы Олимпиада кезінде қаланың төңірегіндегі барлық зауыттардың жұмысын тоқтатқан Пекин осының жарқын мысалы. Шығыстағы көршілеріміз тек қазір ғана дамудың белгілі бір өсуіне қол жеткізіп, қоршаған ортаны қорғау туралы ойланып, ең лас өндірісті қаладан тыс жерлерге көшірді. Индустриялық өсім адамның сыртқы өмір сүру ортасының ластануымен бірге жүреді. Қазақстанда да солай. Зауыттары көп емес аймақтарда, мысалы, Қызылордада ауа әлдеқайда таза.

- Көптеген өкпе аурулары жөтелден басталады. Бірақ көп жағдайда адамдар бұған мән бермейді. Бронхит әдетте ЖРВИ тудыратын вирустардан туындайды.  Бронхит пневмониядан немен ерекшеленеді?

- Ия, жөтел төменгі тыныс алу жолдарының тыныс алу ағзалары ауруларының ең айқын белгісі.  Дауыс байламынан төмен. Жер тұрғындарының 5 пайызында «әдеттегі» жөтел бар және адамдар көбіне мамандарға жүгінбейді. Бұл олардың 2 пайызында СОӨА-ға әкеледі. Айта кету керек, біз әдетте демікпе пайда болғанға дейін назар аудармайтын кәдімгі жөтел СОӨА әкеледі. Ол тек осы аурудың алдынғы хабаршысы екенін білген абзал.

Қазір тыныс жолдарының кең таралған ауруларының бірі - өткір бронхит. Зерттеулер көрсеткендей, біз қарапайым «суық тиген» дейтін жағдайдың 84%-ы іс жүзінде өткір бронхит болып табылады. Пневмония, ол тек өткір түрде болады. Бұл өкпеде қабыну бар деген сөз. 70% жағдайда бронхит антибиотиктермен емделмейді. Себебі негізгі қоздырғыштар антибиотик әсер етпейтін вирустар болып табылады. Бірақ, пневмонияны емдегенде біз кері жағдайды көреміз – ол тек антибиотиктермен емделеді.

Кейде жөтел басқа өкпе ауруларының белгісі болуы мүмкін. Туберкулез немесе өкпе ісігі. Сондықтан, егер жөтел «суықтан» кейін қайтпаса, тексерілу қажет. «Қалдық жөтел» жүрек, рефлюкс-эзофагиттер, құлақ және мұрын қуысы ауруларының алғышарты болуы мүмкін.

- Қазір туберкулез тақырыбы өзекті болып отыр. Қазақстанда туберкулезбен күресу үшін қандай шаралар қолданылады?

- Әрине, бұл сауалды фтизиатрларға қойған дұрыс болар еді. Шетелде туберкулез, өкпе обыры сияқты ауруларды пульмонологтар емдейді. Бізде бұрынғы Кеңес одағы кезінде-ақ, туберкулез індеті оның диагностикасы мен емі жеке салаға - фтизиатрияға бөлінген. Қазір Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық төмен. Дегенмен, бізде дәрілік жағынан туындаған туберкулез проблемасы әлі де бар. Мұнда да өзекті мәселе ол, жұқпалы аурулармен күрес бойынша Американдық қоғамның (IDSA) күш-жігерімен туберкулезге қарсы препараттардың уыттылығы, соның ішінде «жаңа антибиотиктер» туберкулезбен сырқаттанушылық проблемасы сияқты қалуда.

- Пульмонологияда ауруларды емдеудің ерекше, жоғары технологиялық немесе инновациялық әдістері бар ма?

- Әрине, пульмонологияда медицинаның басқа салаларындағы сияқты емдеудің жоғары технологиялық және инновациялық әдістері пайда болды. Әсіресе тыныс алу органдарының ауыр ауруларын емдеуде. Мысалы, демікпе. Шын мәнінде, демікпе, көп жағдайда емге қолайлы. Демікпесі бар адамдардар ішінде олимпиада чемпиондары атанған адамдар да бар. Сіз, бәлкім, норвегиялық шаңғышылар туралы естіген боларсыз... Олар өз демікпесін жаба отырып, салбутамолды, ұстама түсіретін және жүрек жұмысын бір мезгілде ынталандыратын препаратты, яғни допинг қолданды деп деп айыпталған болатын.

Адамдар демікпеден қорқады, себебі «ауыр» демікпесі бар пациенттерді көреді. Емделушілердің тек 8-12% ғана ауырады. Бірақ бұл әлі күнге дейін үлкен медициналық, дәлірек айтқанда пульмонологиялық проблема.

Биомолекулаларды - моноклоналды антиденелерін қолдана отырып емдеудің инновациялық әдістері бар. Өкінішке орай, бұл препараттармен емдеу өте қымбат. Жоғары технологиялық әдістерге бронхиалды термопластика жатады. Ол сол «ауыр» демікпені емдеуде қолданылады. Бірақ емдеудің ең инновациялық және қолжетімді әдісі - бұл емдік (базистік) препараттарды тыныс алу жолдарына тікелей, ингаляция арқылы жеткізу құралдарын әзірлеу кезіндегі революциялық өзгерістер. Маған сенсеңіз, бұл қиын міндет.

Сирек, бірақ емі жоқ, ауру - идиопатиялық өкпе фиброзы бар. Бұл дертке осы күнге  дейін дәрі-дәрмек жоқ. Соңғы уақытта осы диагнозы бар науқастарға үміт сыйлаған екі препарат синтезделді.

- Болжам бойынша, 2020 жылға қарай өкпенің созылмалы обструктивті ауруы артып, бұл өлімге әкеліп соқтыратын үшінші себеп болады дейді...

- СОӨА әлемнің көптеген елдерінде өлім-жітім бойынша үшінші орынға шықты. Бұл жұқпалы емес аурулар арасындағы жалғыз патология. Өлім-жітім әлі күнге дейін өсіп келеді. Өте тиімді базистік препараттар пайда болғанына қарамастан бұл дерттен көз жұматындар қатары артпаса кемімей отыр.

2019 жылы СОӨА емдеу бойынша стратегиялық құжат болып табылатын GOLD баяндамасында 2012 жылы СОӨА үш миллионнан астам адам қайтыс болды деп көрсетілген. Бұл әлемдегі барлық өлімдердің 6%-ын құрайды. СОӨА өлімнің себебі ретінде үшінші орыннан бесінші-алтыншы орынға көшкен кейбір батыс елдерінің табысы әрине оптимизм тудырады.

- Аурудың алдын алу мақсатында өкпе рентгенін қаншалықты жиі жасау керек және тыныс алу органдарын нығайту үшін қандай кеңестер берер едіңіз?

- Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы - өкпе ауруларын диагностикалаудың қарапайым және тиімді әдістерінің бірі. Посткеңестік елдер туберкулезді ерте анықтау мақсатында декреттелген контингент үшін, атап айтқанда мұғалімдер үшін міндетті болып табылатын рентгенографияны (флюорографияны) жүргізеді. Оның тиімділігін бағалай алмаймын. Өйткені, өздеріңіз көріп отырсыздар, тексерістен өткен адамдар арасында да туберкулез шығып жатады. Себебі анық емес. Бұл дәрігер-рентгенологтың қатесі немесе аурудың тез дамуы болар. Бірақ егер адамда ұзақ жөтел болса немесе туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болса, онда міндетті рентгенологиялық зерттеу қажет және сәулеленудің алдында қорқыныш болмауы тиіс.

Алдын алу мақсатында 50 жастан кейін анамнезі ауырлаған адамдарға, мысалы, тәулігіне 2 қорап темекі шегетін адамдарға мамандардың тұрақты тексеруден өтуін ұсынуға болады.

Қала өмірі мен өнеркәсіп орталықтары жағдайында біз тыныс алу органдарының маңызды проблемаларына әкелуі мүмкін зиянды факторларды толық жоққа шығара алмаймыз. Бірақ біздің қолымызда бар зиянды азайту тұжырымдамасының қағидаттарына сәйкес осы факторлардың денсаулыққа кері әсерін төмендете аламыз. Мысалы, түтінді үй-жайларды жиі желдетіп тұру арқылы. Немесе таза ауада жиі болып, физикалық белсенділік туралы да ұмытпау керек. Тыныс алу бұлшықеттерін нығайтатын жүгіру, жүру немесе жүзу сияқты дене қозғалысына көшу. Алайда, алдымен қала ауасының тазалығы үшін күресуіміз керек. Себебі сіз күн сайын қанша жүгіріп немесе скандинавиялық жүріспен қанша жүрсеңіз де, ластанған ауада спортпен айналысып жүріп-ақ зиянды заттарды ағзаңызға сіңіресіз.

- Сұхбат үшін рахмет!

Сұхбатты әзірлеген - «Аман-саулық» Қоғамдық қоры

Abai.kz

0 пікір