Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2652 0 пікір 18 Қараша, 2019 сағат 10:30

WSJ: АҚШ Ресейден Су-35 ұшағын алған Египетті қорқытты

АҚШ Ресейден Су-35 жойғыш ұшақтарын сатып алған Египетті санкциялармен қорқытқан деп хабарлады The Wall Street Journal.

Басылым мәліметі бойынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео пен Пентагон басшысы Марк Эспер Египеттің қорғаныс министрлігіне хат жазған. Онда Ресейден қару алуға қатысты жаңа келісім жасалса, АҚШ пен Египеттің қорғаныс саласындағы операциялары өтпейді делінген.

The Wall Street Journal газетінің хабарлауынша, бұл хат Ресей қорғаныс министрінің Египетке сапары қарсаңында жолданған. Сергей Шойгу осы аптада Каирде болды. Египет басшылығымен келіссөздерде әскери-техникалық әріптестік талқыланған.

Көктемде "Коммерсант" газетінің дереккөзі Ресей мен Египет шамамен екі миллиард долларға жиырмадан астам Су-35 жойғыш ұшақтарын жеткізуге келіскенін айтқан. Мәскеу тапсырысты орындап жатқаны хабарланған. "Рособоронэкспорт" мұндай келісімді жоққа шығарып отыр.

Abai.kz

0 пікір