Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5208 7 пікір 15 Қараша, 2019 сағат 13:52

Ұлттық теңгеден ұлылардың суреті неге алынды?

Бүгін ұлттық теңге күні деп жатқан соң, есіме өтірік-шыны белгісіз бір әңгіме түсіп отыр. Осыдан оншақты жыл бұрын бір азамат (аты-жөнін қазір атай алмаймын) қызық сұрақ қойды.

- Теңгеден неге Абай, Шоқандардың суреттері түсіп қалып, жалғыз Әл-Фараби қалды?

-Білмеймін.

-Білмесең былай: Теңгенің алғаш дизайнын ағылшындарға жасатқан. Уот, сонда біздікілер тек әл-Фарабидің кескініне ғана қаламақысын беріп, қалғандарыныкін қалталарына басып қалған.

-Содан?

-Содан, басқаларына қаламақыны уақытында төлемегеннен үстемақы қосылған. Онысы қып-қызыл ақша боп кетеді. Біздікілердің тапқан бар амалы Абай, Шоқандардан бас тартады. Ал, авторлық құқық әлгі ағылшындардың қолында мәңгілікке қалды. Бізге бұйырғаны тек Әл-Фараби кескіні. Абайларды осы себепті теңгеде кескіндей алмаймыз.

Осы сөз маған рас секілді көрінеді де тұрады. Сол шақта, кейіннен Ұлттық банкті басқарғандардан теңгедегі кескін неге ауысты дегенді сұрап та көрдік, жарытып жауап айтпайды ғой ешкім.

Руслан Ерботаның facebook парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565